jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Баланың тұсауын кімдерге кесуге болмайды

    : Instagram

    Әр ұлттың өзіне тән тәрбиесі бар. Сол секілді қазақ дәстүрінде тәрбиелік мәні жоғары жоралғының бірі тұсаукесер болып табылады. Осы рәсіді орындау кезінде өзіндік "заңдылықтар" сақталған. KAZ.NUR.KZ порталы "баланың тұсауын кімдерге кездестірмеген?" деген сұраққа жауап іздеп көрді.

    Қазақ халқы тұсауды кез келген адамға кескізбеген.

    Көбінесе жүріс-тұрысы ширақ, пысық, бір әулеттің түтінін түтетіп отырған келіншекке немесе өз ортасында сыйлы, абыройлы, қолға алған шаруасын тындырып жүретін еңбекқор азаматқа кескізеді.

    Бұл туралы Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова "Күретамыр" атты кітабында пікір білдірген.

    "Көпті көрген, талай немере-шөбере сүйген ұлағатты әжелер батасын беріп, ала жіпті баланың аяғына байлайды. Ал тұсауды қыз бала болса, жүрісі ширақ, істеген ісін тиянақты тындыратын қағілез, ақжарқын мінезді келіншекке, ұл баланың тұсауын жақсы аты ел аузында жүрген, қолға алған шаруасын нәтижелі атқаратын, еті тірі еңбекқор азаматқа кескізеді. Бұл жерде қалау – ата-ананың ықтиярында, көңілі түскен адамын оның қадір-қасиетіне қарай таңдап, тұсау кескізеді", — деді ол.

    Жазушы өз жинағында қазақ "жолы әлі ашылмаған" деп үйленбеген жігітке, тұрмысқа шықпаған қызға тұсау кескізбегенін атап өтті.

    Зейнеп Ахметова жас балаға тұсау кескізуді де құп көрмейді.

    Тағы бір есте сақтайтын дүние – қазақ ешқашан тұсауды артынан кеспеген. 

    "Алды ашылуы керек деп алдынан кеседі", — деді Зейнеп Ахметова.

    Баланың тұсауын кімдерге кесуге болмайды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.