jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Найман қызы
    Әсел Найман қызы
    Бұрынғы қызметкер

    Әпкеге арналған ерекше құттықтаулар: Жақын адамыңызға қандай тілек айтуға болады

    Туған күнге арналған торт. Көрнекі сурет
    Туған күнге арналған торт. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Әпкеңізді шын жүректен, ерекше етіп қалай құттықтауға болады? KAZ.NUR.KZ порталы назарларыңызға әпкеге арналған құттықтау тілектер топтамасын ұсынады.

    Прозамен құттықтау

    Әпкеңіздің туған күнінде оған жылы естеліктерді айтып, жанына жылылық сыйлап, махаббат пен құрметіңізді білдіріңіз. Оның бар болғаны үшін белгілі жазушылардың цитаталарын келтіріп, әдемі құттықтау айтқаныңыз жөн.

    Шын ниетіңізбен құттықтау

    Құттықтауыңызда жылы, жағымды сөздер айтудан жалықпаңыз. Әпкеңізге махаббат, бақыт, достары мен отбасына сыйлы болуды тілеңіз.

    Туған күн кешінде құттықтауды өз сөзіңізбен жеткізіңіз. Ғылыми мақалалар авторы Инна Пахомова әдепті, әдеби сөйлеу кеш иесіне деген құрметті, ілтипатты білдіреді.

    Туған күніңмен, менің әпкем! Саған бақыт пен сәттілік тілеймін! Өмір сізге тек сәттілік, қуаныш пен бақыт әкелсін. Жақындарыңыз әрдайым жаныңыздан табылсын!

    ***

    Әпке! Сіз маған әрқашан тірексіз, ақылыңызды айтып, қиын жағдайларда көмектестіңіз. Мен сіздің нәзіктігіңіз бен қамқорлығыңызға, мейіріміңізге, адамның жанын түсінетін адамшылығыңызға ризамын. Сізге шын бақыт тілеймін. Бақытты болыңыз! Туған күніңмен, қымбаттым!

    ***

    Туған күніңізбен, қымбатты әпке! Сіздің жүрегіңіз мейірім мен сүйіспеншілікке толы. Сіз барлық бауырыңыз бен жиендеріңізге қамқорсыз. Біз бәріміз сізді қатты жақсы көреміз. Армандарыңыз орындалсын!

    Қолында жүрекшесі бар қыз. Көрнекі сурет
    Қолында жүрекшесі бар қыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Әзілмен құттықтау

    Әпкеңізді өз сөзіңізбен қалай құттықтауға болады? Ағайындылар кеш иесі туралы деректерді, балалық шақтағы қызықтарын көп біледі. Құттықтау кезінде сондай жылы естеліктерді еске түсіріп, құрмет көрсетіңіз. Туған күн кешінде айтылған әзілдер кештің көркін қыздыра түседі.

    ***

    Үнемі қызықты оқиғаларға тап болып жүретін жанашырым! Туған күнің құтты болсын! Сен туралы көп нәрсе білемін, көптеген қызықты оқиға есте қалды. Бірақ, есейдік, оның бәрін айтпай-ақ қояйын! Осы әдемі қалпыңнан тайма, сені жақсы көреміз!

    ***

    Жар дегенде жалғыз әпкем, тағы бір жасқа қартайыпсыз! Құтты болсын! Самайыңыздағы ақ шаш, бетіңіздегі әжім көбейе берсін, сіз оған лайықсыз! Бақытты болыңыз!

    Туған күн тортындағы шамдарды үрлеп тұрған қыз. Көрнекі сурет
    Туған күн тортындағы шамдарды үрлеп тұрған қыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Әпкеңізді өлең жолдарымен құттықтау

    Кешке ерекше әсер сыйлағыңыз келсе, құттықтауыңызды өлең жолдарымен жеткізіңіз. Туған күн иесі ол үшін ерекше қуанатыны анық. Осы орайда Zharar.com сайты келесідегідей тілектерді өлең жолдарымен ұсынады:

    Айтқанда туған жерді дір етпес кім, Жаралған топырақ – бір, жүректесің: .................... өңірінің төлі ғой деп, Әрдайым сыртыңыздан тілектеспін.

    Жаның сұлу үйлескен – тылсым делік, Жемісіңді еліңе жүрсің беріп. Қазағымның бақ қонған қызы едің, Мақтанамын киелі бір шың көріп!

    ***

    Жан Әпке, қашаннан-ақ жаны жақсым, Шыққандай жанарыңнан жадырап күн. Ең алғаш сен туып, қуантыпсың Жандарын біздің үлкен шаңырақтың.

    Әзіл өлеңдермен құттықтау

    Қызықты әрі әзіл аралас өлең жолдарын ағайындылар жақсы қабылдайтыны анық. Zharar.com басылымы осындай құттықтау тілектердің топтамасын назарға ұсынады.

    ***

    Үлкен деп сені сыйлаймын, Қырлардан гүлді жинаймын. Шаттанып әркез күлсін деп Айтқаныңды тыңдаймын.

    ***

    18-ге толдың сұлу жасыңа, Әпкетайым, бұлт төнбесін басыңа. Ортамызда гүлдей жайнап өсе бер, Бақыт өзі іздеп келсін қасыңа.

    Бауырлары қызықты өлеңдер әзірлеп келсе, туған күн көпке дейін еске қалатыны анық. Өлеңді алдын-ала жаттап немесе қағазға әдемілеп жазып алыңыз. Құттықтау үшін арнайы дайын мәтіндер де бар екенін ұмытпаңыз. Сондықтан әпкеңіздің туған күніне ертерек дайындалғаныңыз жөн.

    Әпкеге арналған ерекше құттықтаулар: Жақын адамыңызға қандай тілек айтуға болады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.