Елді қымбатшылық жайласа да, бағасы қолжетімді болып қалған азық-түлік
Жарияланған күні:
Жанар-жағар май мен доллар бағамының шарықтауы елімізге оңай тимеді. Күнделікті тұтынатын тауардан бастап киім-кешекке дейін бағасы екі есеге қымбаттап отыр. Алайда, дағдарыстың қыспағына қарамастан кейбір азық-түлік қарапайым халық үшін әлі де болса ескі бағамен қалды.
Ал, кейбірінің бағасы өсіп жатса да қолжетімді болып тұр. Біз бұған дейін сіздерге бағасы аспандаған тағам түрлерімен таныстырған болатынбыз. Бүгінгі фотомақала еліміздегі қолжетімді ас түрлеріне арналмақ.
Үкімет 2010 жылы бекіткен еліміздегі әлеуметтік тағамдардың саны 20 таяу. Билік аталған азық- түлік қашанда халыққа қолжетімді болып тұруы үшін бар күшін салуда.
1. Бірінші сұрыптағы ұнның 1 келісі – 150-160 теңге аралығында. Дағдарысқа дейін де оның бағасы осы шамалас болған.
2. Нан бағасы былтырғы жылмен салыстырғанда 5-10 теңгеге өсті. Және оның бағасы еліміздің әр өңірінде әртүрлі. Мәселен, 0,5 келі ас атасынтүріне байланысты 65-155 теңге аралығында алуға болады.
3. Макарон өнімдері де былтырғы жылмен салыстырған да 30 пайызға қымбаттаған. Мәселен 1 келі макаронды 2015 жылы ақпан айында көтерме сауда орталықтары мен базарларда 100 теңгеге алсаңыз. Қазір 45 теңгеге қымбат.
4. Күріштің бағасы әлі күнге ауытқып тұр. Кейбір жерлерде жоғары сұрыпты түрлерін 180 теңгеге алуға болса, дәл сол күріш өзге өңірлерде 260-280 теңге айырмашылықта саудалануда.
5. Қарақұмықтың да бағасы 25 пайызға қымбаттаған. Дағдарысқа дейін 1 келісі 180 теңге тұрса, қазір 228-240 теңге.
6. 2015 жыл аграрлық шаруашылыққа жайлы болды. Оның қыс бойы бағасы көтерілмеймен бір қалыпта сатылған отандық көкөністерден байқауға болады. Өткен жылдары қыс кезінде картоптың 1 келісі 100-120 теңге төңірегінде болса, биыл керісінше арзан. Сұрыпы мен ірілігіне қарай 37-70 теңге аралығында сатып алуға болады.
7. Сәбіздің бағасы базарда 100-130 теңге аралығында, ал көтерме сауда дүкендерінде 85 теңгеге.
8. Қырыққабатта аса қымбаттай қоймаған 1 келісі - 68 теңге.
9. Түйірлі ақ бас пияз да отандық өндірушілерден. 1 келісі - 67 теңге, базарда - 80 теңге төңірегінде.
10. Қант бағасы орта есеппен 60 теңгеге қымбаттады. Доллардың еркін айналымына дейін тәттінің келісі - 180 теңге болса, қазір –240 теңге.
11. Сиыр, қой, жылқы еттері мереке қарсаңында бір шарықтап, қайтадан ескі бағаға оралғандай. Жаңа жыл қарсаңында келісі мың теңгеге дейін қымбаттаған еттердің қазір орташа бағасы мынандай. Сиыр еті - 1100, қой еті- 1200, жылқы еті-1800 теңге.
12. Тауықтың жұмыртқасы қымбаттағанымен етінің бағасы өзгермеді. Құс тұқымының бір данасы 40 теңгеге дейін көтеріліп, 270-280 теңге аралығында болса, етінің келісі ескі бағамен 650-700 теңге аралығында саудалануда.
13. Күнбағыс немесе сұйық май бағасы Жаңа жыл қарсаңында шарықтап, қазір керісінше, сәл арзандады. Жаз кезінде 1 литры 245 теңге болған отандық сұйық май қыс ортасында 475 теңгеге дейін көтерілген. Ал, бүгінгі баға өздеріңіз көргендей 391 теңге.
14. Сүт өнімдерінің де бағасы 2015 жылдың соңында 20 пайызға қымбаттаған. Кейбір отандық өндірушілер шарықтаған тауарларын арзандатып жатса, кейбірінікі өзгеріссіз қалып отыр. 1 литр сүтті базар мен көтерме сауда дүкендерінен 160-190 теңгеге сатып алуға болады. Ал, айран бағасы өндіруші компанияға байланысты 240-270 теңге аралығында.
15. Көк қағаздың құнымен бірге Аралдың да тұзы қымбаттады. Жазда 1 келі тұз 29 теңге тұрса, қазір 40 теңге.
16. Шай бағасы да едәуір көтерілгенімен қолжетімді. 200 граммдық түйіршіктелген қара шайдың қорабын өндіруші компанияға байланысты 395- 600 теңге аралығында сатып алуға болады.
Қарапайым халық үшін бағасы қымбат болып отырған тауарлар көп. Мәселен, қызанақ, қияр, түрлі-түсті бұрыш сынды дәруменді көкөністі екінің бірі сатып ала алмайды. 1 келісінің бағалары 1000 теңгеден жоғары. Оның басты себебі, елімізде жылыжай өндірісінің ақсап тұруы дейді мамандар.
Ал, жеміс-жидектің ішінен отандықалма, пәкістандық мандарин және қытайлық апельсидер ғана қолжетімді. Олардың бағаларына келер болсақ 1 келісі 350-700 теңге аралығында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1061838-eldi-qymbatshylyq-zhaylasa-da-baghasy-qo/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.