Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда ауылшаруашылық мақсаттағы жер телімдері жаппай сатылады

Опубликовано:

Шілде айынан бастап Қазақстандағы ауылшаруашылық мақсаттағы жер телімдері жаппай сатылады.  Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев сатылатын жер көлемі 1 миллион жеті жүз мың  гектар дегенді айтты.

Яғни, сатылымға шыққан жердің жалпы көлемі Литва мен Латвия мемлекеттерін қосқандағы жер көлемінен де үлкен екен деп хабарлайды 31 арна.

Жер сату жыры алты ай бұрын басталған. Тиісті құжаттар әзірленіп, заң жобалары да дайын болыпты. Көпшілікке жаңалығын жеткізген Ұлттық экономика министрі сатылым 3 айдан кейін басталатынын айтты. Сатылым аумағы алаңдауға тұрарлық.

"Ауылшаруашылық жерлерін жеке меншікке беру мақсатында жергілікті атқарушы органдар 2016 жылғы 1 шілдеден бастап аукциондар арқылы сауда-саттыққа 1 миллион 700 мың гектарды шығаратын болады. Олардың 645 мың гектары бүгінде дайын", - деді Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев.

Министр мырза жер телімдерін жалға алып отырған қазіргі қожайындарға 50 пайыздық жеңілдік барын, тіпті, ақшасын 10 жылда бөліп төлеуге болады деп дархандық танытуда. 454 жерді пайдаланушы қазірдің өзінде 108 мың гектар жерді сатып алуға өтініш білдіріпті. Ал жер сатуға қатысты қоғам тарапынан ашық қарсылық болмаса да, көптің ойы әзілмен айтылуда.

Ауылшаруашылық жерлерін сатылымға шығару туралы заң жобасын парламенттің қос палатасы да талқылап, мақұлдап жіберген. Депутаттар тарапынан да аздап қарсылық байқалды. Тек сенат қабырғасында.

"Бензинге, тыңайтқышқа, жерін жыртуға ақша таппай отырған, кредит пайдаланып отырған шаруалар бұл жерді мынадай теңгеге қалай сатып алады? Бұл дегеніміз жерді біз олигархтарға береміз деген сөз. Бүкіл Қазақстандағы жер 20 шақты, 100 шақты олигархтың қолында болады ақшасы бар. Олар сатып алады ертең", - деді сенатор Қуаныш Айтаханов.

Депутат айтқан олигархтар алақанын ысқылап шілдені күтуде. Бір гектар жердің орташа бағасы 40 миллион теңге екен. Сатылымға қойылған жерлер алғашқы саудада өтпесе, бағасы төмендетілген бәс саудаға түседі. Үшінші жолы жер телімі 50 пайыздық төмендетілген бағамен сатылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1088307-qazaqstanda-auylsharuashylyq-maqsatta/

pixel