Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық банк ескі 1000 теңгеліктерді қабылдамағандарды видеоға түсіріп алуды тапсырды

Опубликовано:

«Күлтегін» белгісі бар 1000 теңгелік ақшалар қолданыстан алынған жоқ. Ұлттық банк оны қабылдамағандарды видеоға түсіруді тапсырды деп хабарлайды Tengrinews сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ұлттық банк: 1000 тенгелік
Ұлттық банк: 1000 тенгелік: UGC
Ұлттық банктің хабарлауынша, өзге қағаз қаржылар секілді «Күлтегін» бейнесі бар 1000 теңгеліктер де өзінің заңды күшін жоймаған. Бұл теңгеліктерді қабылдамаған жағдайда банк филиалдарының көмегіне жүгінудің жөн екенін айтты.

Сондай-ақ, теңгені қабылдаудан бас тартқан банк филиалының басшысының атына арыз жазуға болатынын да ескертті.

Айта кетейік, ұлттық теңгені қабылдамағаны үшін 206АЕК айыппұл салынады. 2016 жылы ескі теңгені қабылдамаған саудагерлер жазаға тартылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1717454-lttyk-bank-eski-1000-tegelikterdi-kabyldamagandardy-videoga-tsirip-aludy-tapsyrdy/

pixel