Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан байлығы жөнінен Германиядан асып түсті

Опубликовано:

Халықаралық валюта қоры мемлекеттің мүліктік жағдайын бағалаудың жаңа жүйесі арқылы 31 елдің қаржы деңгейін анықтады деп хабарлайды ИноТВ сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: fb.ru
Фото: fb.ru: UGC

Валюта қорының мамандары жаңа әдістің көмегімен әлем экономикасы өнімділігінің 61 пайызын құрап отырған 31 мемлекеттің жағдайына сараптама жүргізді.

Нәтижесінде, мемлекеттік қаржының жоғары деңгейін Норвегия, Ресей және Қазақстан көрсетті. Бұл елдер мемлекеттік қарыздың аздығынан және мұнай мен газдың көп болуынан алғашқы орындарды иеленген.

Ал Германия бұл тізімде, тіпті, Уганда мен Кениядан артта қалып қалған екен.

Бұл тізімде Сальвадор, Австрия, Франция, Гамбия және Ұлыбритания мемлекеттері Германиядан да төменгі сатыға орналасыпты. Аталған мемлекеттерді Португалия 135 пайыз қарызбен аяқтап тұр.

Алғашқы орыннан көрінген Норвегияның мүліктік жағдайы экономикалық өнімділіктен төрт есе көп болса, Ресейде де-төрт, ал Қазақстанда үш есе көп болған.

Сондай-ақ, экономикалық өнімділіктен асатын мүліктік жағдайды Австралия, Перу, ОАР және Оңтүстік Корея көрсеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1757876-kazakstan-bajlygy-zninen-germaniadan-asyp-tsti/

pixel