Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Несиеге тауар алып, қателестім": Нұрфин оқырмандары оқиғаларымен бөлісуде

Опубликовано:

Біз несиеге тауар алған оқырмандарымыздың тәжірибесімен бөлісуді жөн көрдік. Олардың қандай мәселелер мен түсініксіз жағдайларға тап болғанын Нұрфин материалдарынан оқыңыздар.

Көрнекі сурет: pxhere.com
Көрнекі сурет: pxhere.com: Twitter

Қаржы мамандары бөліп төлеу арқылы тауар сатып алғанда, кез-келген несиені және басқа да банк тауарларын пайдаланғанда көрсетілетін қызметтердің барлық шарттарымен танысу қажеттілігін айтады. Бұндай шарттар өте көп болуы мүмкін, және олардың барлығын бәрі бірдей түсіне бермейді. Алайада, ұқыпсыздығыңыздың кесірінен опық жеп қалмау үшін бүкіл шарттарды түсініп алған абзал.

Осы орайда біздің оқырмандарымыз түрлі жағдайларға тап болғанын жазды. Олардың біреуі бұл жағдайлардан шығынсыз құтылса, кейбіреулерінің жолы болды деуге келмейді.

Анастасия, NUR.KZ оқырманы: "Мен сатушылрды өзім таңдап, техникаға ең тиімді бағамен тапсырыс беруге болатын сайт арқылы бөліп төлеу шартымен теледидар алуға шешім қабылдадым. Ол жерде сатып алу ережелері мынадай: егер тауарды 3 айға рәсімдесеңіз, оның құнын пайызсыз үш бірдей бөлікпен төлейсіз. Бұл шарт маған тиімді болмады, себебі, айлық төлем біздің отбасы үшін қомақты соманы құрады.

Бірақ, сайттағы жарнамада дүкендердің бірінен алдағы демалыс күндері бір жылға бөліп төлеу арқылы тауар алуға болатыны айтылды. Мен осы жеңілдікті күттім, себебі, пайыздарға артық төлем жасағым келмеді. Демалыс күні аталған сайтқа кіріп, расында дүкенде техниканы бір жылға бөліп төлеу шартымен беретініне көз жеткіздім. Алайда, басқа сатушылармен салыстырғанда техника бағаларының өскенін байқадым.

Сөйтіп, басқа дүкеннен бір жылға несеге теледидар алсам, бағасы қанша шығатынын санадым. Осылайша, пайыздарды қосқанда, айлық төлем мен артық төлемнің сомасы жеңілдік өтіп жатқан сауда нүктесінен қарағанда арзан болып шықты. Нәтижесінде тауарды тиімдірек бағамен басқа дүкеннен несеге алдым. Себебі, ол бөліп төлеу шартымен берілетін бағадан арзанырақ болды".

Гүлнар, NUR.KZ оқырманы: "Мен банктердің бірінен бөліп төлеу шартымен телефон алдым. Рәсімдеу кезінде маған сыйлыққа бірінші төлемді 4 айға кейінге шегеру мүмкіндігі берілетінін айтты.
Мен ол мерзім өтпей тұрып-ақ төлей бастадым. Төлемдерді сәл шатастырып, айлардың бірінде 236 теңгеге кем төлеп қойдым. Бұл туралы төлемді кешіктіргенім жайлы хабарлама келгенде бір-ақ білдім. Бірақ қарызға соншама көп пайыз қосылмаған шығар деп ойладым.
Қалған соманы терминал арқылы төлеу үшін бірден банкке бардым. Алайда, қалып қойған 236 теңге мен соның пайыздарының орнына маған кейінге шегеру мүмкіндігі берілген 4 айға бірден төлем жасау керектігін білдім. Ондай ақшам болған жоқ, екі рет төлемді кейінге шегеруге өтініш жаздым, алайда, олар қабылдамады.
Енді қазір кешіктірілді деп саналатын сол қарызыма үлкен пайыздар қосылды. Оларды төлеуге тырысып-ақ жүрмін, бірақ кешіктірілген төлемді жабуға мүмкіндігім жетер емес".
Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Мәриям, NUR.KZ оқырманы: "Біз жұбайымызбен ноутбук сатып алу үшін дүкенге бардық. Бөліп төлеу шартымен алуға болатын қажетті модельді таңдадық. Сатушы құжаттарды рәсімдеп, бізді банк менеджеріне жіберді. Бізге тез арада пайызсыз несиені мақұлдап, құжат дайындап отырған қыз қол қоюға келісім-шарт пен төлем кестесін берді.

Менің күйеуімнің қол қоятын құжаттың барлығын мұқият қарап шығатын әдеті бар. Сол кезде ол ай сайынғы төлем сомасына алаңдаушылық білдірді. Сөйтсем, барлық төлемдердің сомасы ноутбуктың бағасынан жоғары етіп көрсетілген. Жұбайым бұл туралы менеджерге айтып, құжаттарға қол қоюдан бас тартты.

Банк қызметкері кестедегі бұл сандарға назар аударудың қажеті жоқ екенін алға тартып, қосымша сомалардың кешіктіріп төлеу болған жағдайда ғана қосылатынын жеткізді. Ал уақытылы төйлесек, артық төлем болмайтынына сендірді.

Алайда, күйеуім бұның бос сандырақ екенін айтып, банктің қызметінен бас тартатынымызды мәлімдеді. Сол кезде банк менеджері бірнеше минут ішінде бізге басқа келісім-шарт дайындап берді. Ол жерде артық сомалар көрсетілмеген. Барлығы дұрыс екеніне көз жеткізген күйеуім құжаттарға қол қойып, тауарды алып кеттік".

Соңында банк арқылы бөліп төлеу шартымен тауар алуға үйренген, одан ешбір жапа шекпеген оқырманымыздың хатымен бөлісуді жөн көрдік.

Елена, NUR.KZ оқырманы: "Маған бөліп төлеу арқылы тауар сатып алған ұнайды. Әсіресе, тауарды интернет-дүкендер арқылы таңдағанды жақсы көремін. Онда белгілі бір банк арқылы тауарды несеге рәсімдеуге болады. Әрине, қатарынан барлығын бірдей сатып ала бермеймін. Алайда, бір затқа көңілім ауғанда немесе қажет болғанда тек бөліп төлеу арқылы сатып алуға тырысамын.
Тауарды бірден сатып алуға ақшам болып тұрса да, одан да ол қаражатты депозитке саламын. Сөйтіп, сол жерден пайызсыз несенің ай сайынғы төлемін жүргіземін. Осылайша, ақшаның аздап кеткеніне де, депозиттегі пайыздарыма да қуанамын".

Сіз де бізбен өз оқиғаңызбен бөлісіп, мына электрондық мекенжайға хат жолдай аласыз: nurfin@corp.nur.kz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1832544-nesiege-tauar-alyp-katelestim-nrfin-okyrmandary-okigalarymen-blisude/

pixel