Журналистер "Нұрлы жер" және "Свой дом" бағдарламалары аясында салынып жатқан тұрғын үйлермен танысты
Жарияланған күні:
«Нұрлы жер» және «Свой дом» бағдарламалары аясында салынып жатқан тұрғын үй нысандарына жасалған баспасөз-туры барысында ҚТҚЖБ Орталық филиалының директоры Жансұлтан Матаев журналистерді А.Байтұрсынұлы көшесіндегі «Асхат» және Р.Қошқарбаев көшесіндегі «Биік шаңырақ» тұрғын үй кешендерінің құрылыс барысымен таныстырды.
"Асхат» және «Биік шаңырақ» тұрғын үй кешендерінің басты ерекшелігі сол, олардың құрылысына «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ-ның кепілдігімен үлескерлердің қаржысы тартылуда. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі - «Свой дом» бағдарламасы аясында Қор кепілдік беріп отырған үлестік құрылыс жобасы бойынша әзірге жалғыз несиегер", -деді Жансұлтан Матаев өз сөзінде.
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ мен «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ-ның ынтымақтастығы аясындағы «Свой дом» бағдарламасының негізгі артықшылығы сол, 7% жылдық мөлшерлеме ставкасы кейіннен төмендесе де, басқа кепілдікті қамтамасыз ету талап етілмейді.
Ағымдағы жылдың басынан бері Нұр-Сұлтан қаласында 12 960 адам қолжетімді несие алып, баспана проблемаларын шешті. Тағы 50 мың тұрғын депозит ашып, үй немесе пәтер сатып алуға қаражат жинауда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1833257-zurnalister-nrly-zer-zne-svoj-dom-bagdarlamalary-aasynda-salynyp-zatkan-trgyn-jlermen-tanysty/