Журналистер "Нұрлы жер" және "Свой дом" бағдарламалары аясында салынып жатқан тұрғын үйлермен танысты
Опубликовано:
«Нұрлы жер» және «Свой дом» бағдарламалары аясында салынып жатқан тұрғын үй нысандарына жасалған баспасөз-туры барысында ҚТҚЖБ Орталық филиалының директоры Жансұлтан Матаев журналистерді А.Байтұрсынұлы көшесіндегі «Асхат» және Р.Қошқарбаев көшесіндегі «Биік шаңырақ» тұрғын үй кешендерінің құрылыс барысымен таныстырды.
![Журналистер "Нұрлы жер" және "Свой дом" бағдарламалары аясында салынып жатқан тұрғын үйлермен танысты Журналистер "Нұрлы жер" және "Свой дом" бағдарламалары аясында салынып жатқан тұрғын үйлермен танысты](https://cdn.nur.kz/images/1120/378b54bb7c807795.jpeg)
"Асхат» және «Биік шаңырақ» тұрғын үй кешендерінің басты ерекшелігі сол, олардың құрылысына «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ-ның кепілдігімен үлескерлердің қаржысы тартылуда. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі - «Свой дом» бағдарламасы аясында Қор кепілдік беріп отырған үлестік құрылыс жобасы бойынша әзірге жалғыз несиегер", -деді Жансұлтан Матаев өз сөзінде.
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ мен «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ-ның ынтымақтастығы аясындағы «Свой дом» бағдарламасының негізгі артықшылығы сол, 7% жылдық мөлшерлеме ставкасы кейіннен төмендесе де, басқа кепілдікті қамтамасыз ету талап етілмейді.
Ағымдағы жылдың басынан бері Нұр-Сұлтан қаласында 12 960 адам қолжетімді несие алып, баспана проблемаларын шешті. Тағы 50 мың тұрғын депозит ашып, үй немесе пәтер сатып алуға қаражат жинауда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1833257-zurnalister-nrly-zer-zne-svoj-dom-bagdarlamalary-aasynda-salynyp-zatkan-trgyn-jlermen-tanysty/