Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

1 қаңтардан бастап Қазақстанда әлеуметтік жәрдемақылар көлемі өзгереді

Опубликовано:

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда әлеуметтік жәрдемақылар көлемі өзгереді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "ҚазАқпарат" агенттігіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Атап айтқанда, жалпы мүгедектік бойынша әлеуметтік төлем топқа байланысты 32 431-59 872 теңге аралығында төленеді. Төрт немесе одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған және күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студент балалары бар отбасыларға әлеуметтік жәрдемақы табыс көлемінен тыс беріледі: төрт бала үшін - 42 496 теңге, бес балаға - 53 127 теңге, алты балаға - 63 757 теңге, жеті және одан да көп балалар үшін - 74 388 теңге төленеді.

Асыраушысынан айрылғандарға берілетін жәрдемақы адам санына байланысты 26 818 теңгеден 65 797 теңгеге дейін болады. Ата-анасынан айырылған балалардың әрқайсысына 36 796 теңгеден беріледі. Бала тууына байланысты берілетін біржолғы жәрдемақы: бірінші, екінші және үшінші балаға - 100 776 теңгеге дейін, төртінші бала үшін - 167 076 теңгеге дейін беріледі.

Жұмыс істемейтін әйелдерге бір жасқа дейінгі бала күтімі үшін ай сайын бірінші балаға - 15 276 теңге, екінші балаға - 18 061 теңге, үшінші балаға - 20 819 теңге, төртінші балаға - 23 603 теңге жәрдемақы беріледі.

"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқалары бар немесе бұрын "Батыр ана" атағына ие болған, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға ай сайын 16 973 теңге мемлекеттік жәрдемақы беріледі. Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анасына немесе әкесіне, асырап алушысына, қамқоршысына 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап кәмелетке толғанша 43 657 теңге беріледі. Осындай мөлшердегі жәрдемақы бірінші топтағы мүгедек баланы күту бойынша да төленеді.

Айта кетейік, 2020 жылдан бастап елімізд еңбекақы мен зейнетақы өседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1834466-1-katardan-bastap-kazakstanda-leumettik-zrdemakylar-klemi-zgeredi/

pixel