Алматының жаңа үйлерінде 2 бөлмелі пәтерлер қанша тұрады
Жарияланған күні:
Қазіргі уақытта Алматыда салынған жаңа үйлердегі ең қымбат екі бөлмелі пәтердің бағасы – 55,5 миллион теңге. Нұрфин редакциясы қаладағы тұрғын үй кешендерінің пәтерлер бағасы мен сыртқы келбетін назарларыңызға ұсынады.
Бағаларды салыстыру үшін біз krisha.kz сайтының жаңа үйлер айдарын пайдаландық. Бұл мақалада 2017 жылдан бері пайдалануға берілген тұрғын үй кешендерінің аумағы 60-75 шаршы метр болатын 2-бөлмелі пәтерлерін қарастырдық.
"Вена үйі" тұрғын үй кешені – шаршы метрі 690 000 〒
Тұрғын үй кешені Жароков – Әл-Фараби ауданында, Молодежная мен Сырғабеков көшелерінің қиылысында орналасқан. 4 қабатты үйде 34 пәтер бар, төбесінің биіктігі – 3,15 метр. Сатылымда 1 пәтер бар.
Latifa residence тұрғын үй кешені – шаршы метрі 570 000 〒
17 қабатты үйде 330 пәтер бар, төбесінің биіктігі – 2,8 метр. Тұрғын үй кешені Оқушылар сарайы ауданында, Инженерная көшесінде орналасқан. Сатылымда аумағы бірдей, бірақ жайғасымы әртүрлі 4 пәтер бар.
Bloom House тұрғын үй кешені – шаршы метрі 546 000 〒
6 қабатты үй Есентай өзені маңында, Әл-Фараби даңғылынан 500 метр қашықтықта орналасқан. Үйде 109 пәтер бар. Сайтта аумағы біз қарастырып жатқандай болатын 1 пәтер ғана табылды.
"Тау күні" тұрғын үй кешені – шаршы метрі 525 000 〒
Бостандық ауданы Бағанашыл ықшам ауданында орналасқан 4 қабатты үй. Сатылымда аумағы 73,6 шаршы метр болатын 1 пәтер ғана бар. Төбесінің биікігі – 2,8 метр.
Dostar тұрғын үй кешені – шаршы метрі 475 000 〒
15 қабатты үйде 516 пәтер бар, төбесінің биіктігі – 2,75 метр. Жібек жолы мен Наурызбай батыр көшелерінің қиылысында орналасқан. Аумағы біз қарастырып жатқандай 2 пәтер бар.
"Шығыс саябағы" тұрғын үй кешені – шаршы метрі 460 000 〒
12 қабатты үйде 436 пәтер бар, төбесінің биіктігі – 3 метр. М.Горький атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағы мен 28 панфиловшылар саябағының арасында орналасқан. Жылжымайтын мүлік сайтының дерегі бойынша, бізге қажетті аумағы бар 3 пәтер сатылады.
Central Esentai Residence тұрғын үй кешені – шаршы метрі 390 000 〒
Тұрғын үй Есентай өзені ауданында, Сатбаев пен Бұқар Жырау көшелерінің арасында орналасқан. 16 қабатты ғимаратта 370 пәтер бар. Төбесінің биіктігі – 3 метр. Бізге қажетті аумағы бар 1 пәтер сатылады.
"Қуаныш" тұрғын үй кешені – шаршы метрі 320 000 〒
Тұрғын үй Әуезов ауданындағы Қуанышбаев көшесінде орналасқан. 9 қабатты монолитті үйде 159 пәтер бар. Төбесінің биіктігі – 2,8 метр. Аумағы 62,1 – 73,3 шаршы метр болатын 4 пәтер сатылымға қойылған.
Alim тұрғын үй кешені – шаршы метрі 315 000 〒
12 қабатты монолитті ғимарат Достық ықшам ауданында орналасқан. Үйде 352 пәтер бар, төбесінің биіктігі – 2,75 метр. Аумағы 61 – 73,3 шаршы метрді құрайтын үш пәтер сатылымға қойылған.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1840391-almatyny-zaa-jlerinde-2-blmeli-pterler-kansa-trady/