Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ТЖ кезінде ақысыз еңбек демалысына шығу: Әлеуметтік төлемге өтінішті қалай береді

Жарияланған күні:

"Нурфин" рубрикасының журналистері елдегі төтенше жағдай кезінде ақысыз еңбек демалысына шығуға байланысты ең төменгі жалақыны төлеуге өтінішті қалай жіберуге болатынын білуге тырысты деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 26 наурыздағы бұйрығына сәйкес, жалақы төленбейтін демалысқа байланысты әлеуметтік төлемдер келесі адамдарға есептеледі:

  • Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар
  • Міндетті зейнетақы жарналарын салық агенттері төтенше жағдай кезінде төлеген азаматтық-құқықтық келісімшарттар бойынша табыс алатын тұлғалар.

Электрондық үкімет порталына өтпес бұрын, әлеуметтік қолдау көрсету мәселесін қарау туралы өтініш жазу қажет. Оның үлгісін сілтемеге өтіп алуға болады.

Заңнамалық құжатта табысты жоғалту туралы деректері, оның ішінде банктік деректер, байланыстар және демалыс кезеңдерін көрсету қажет кесте бар.

Егер сіз жұмыс беруші емес, қызметкер болсаңыз, онда жоғарыда көрсетілген кестеде тек өзіңізді ғана ғакөрсетіңіз.

Үлгідегі мәтіндерді алдымен құжатқа көшіріп, оны толтырып, содан кейін қағазға шығарып, қол қойып және сканерлеу керек.

Енді сізде "Бұны қайда жіберу керек?" деген сұрақ туындауы мүмкін. Өтінішті Қазақстанның электронды үкіметі порталы арқылы жіберу қажет. Ол үшін электронды қолтаңба арқылы тіркеуден өтіп алған жөн.

Электронды үкімет сайты
Электронды үкімет сайты: UGC

Бұйрықта "Электрондық өтініштер" қызметін пайдалану керек делінген. Оны табу үшін сайттың оң жақ бұрышындағы тиісті элменетті таңдау қажет.

Әрі қарай "Онлайн қызметке тапсырыс беру" түймесін басыңыз, содан кейін толтыру керек жаңа сұрау нысаны ашылады.

Ол ЭЦП-да бар мәліметтер. Аймақта таңдап, басқа тармақшаларды толтырыңыз.

"Мемлекеттік қызметтің атауы" бағанында керек емес тармақтар бар.

"Мазмұн" бағанында төлемнің атауын "Төтенше жағдай үшін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушыларына әлеуметтік төлем тағайындау" деп өзіңіз жазу маңызды.

Жіберу" түймесін басып, ЭЦП-ға қол қоямыз. Өтінішті жібергеннен кейін "Электронды қосымшала" қызметінде қызметтің орындалғанын-орындалмағаны қайтадан көруге болады. Өтініш үш күн ішінде қаралу керек.

Өтініштің толтырудың үлгісі
Өтініштің толтырудың үлгісі: UGC

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1848073-tz-kezinde-akysyz-ebek-demalysyna-sygu-leumettik-tlemge-tinisti-kalaj-beredi/