jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Министр төмен пайызбен кімдер баспана алатынын айтты

    : Facebook

    Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов отбасының әр мүшесіне шаққанда ай сайынғы табыстың мөлшері үш күнкөріс шегінен аспаса, онда "5-10-20" бағдарламасына қатысуға мүмкіндік алатынын мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

    Көрнекі фото: pixabay.com
    Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

    Бұл туралы Атамқұлов Хабар 24 арнасындағы онлайн брифинг барысында айтты.

    Оның сөзінше, баспана азаматтар санаты бойынша емес, әр отбасы мүшесіне шаққандағы табысқа байланысты беріледі.

    "Біріншісі, айлығы төмен адамдар. Егер отбасының әр мүшесіне санағанда ай сайынғы табыс 1 күнкөріс шегі немесе 31,2 мың теңгеден аспаса, онда арендалық пәтер ұсынылады", – деді министр.

    Отбасының әрбір мүшесіне шаққанда кіріс 2 күнкөріс шегі немесе 62,4 мың теңгені құраса, "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша жылдық 2 пайызбен ипотека берілетіні белгілі болды.

    Бұндай азаматтар "2-10-20" бағдарламасына қатыса алады.

    "Әр отбасы мүшесіне шаққанда ай сайынғы табыс 3 күнкөріс шегін, 96 мың 700 теңгені құраса, баспана жаңа "5-10-20" бағдарламасы бойынша ұсынылады", – деді Атамқұлов.

    Ал кірісі әр отбасы мүшесіне санағанда үш және одан жоғары күнкөріс шегінен асса, онда екінші деңгейдегі банктер арқылы "7-20-25" бағдарламасына қатысып, баспаналы болуға мүмкіндік бар.

    Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында баспана алу үшін жаңа "5-10-20" бағдарламасы іске қосылатынын мәлімдеді.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    Министр төмен пайызбен кімдер баспана алатынын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.