Қазақстанда доллардың бағасы күрт төмендеді
Жарияланған күні:
Қазақстан қор биржасындағы таңертеңгілік сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың бағасы шамамен 6 теңгеге арзандады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қор биржасының ресми сайтына сілтеме жасап.
Бүгін, 2 маусымда өткен таңертеңгілік сауда-саттық нәтижесінде америкалық валюта арзандады – оның бағасы бірден 5,7 теңгеге төмендеді.
Ресми валюта бағамына сәйкес, қазір 1 доллар 402,7 теңгеге бағалануда.
Қазақстан қалаларындағы ақша айырбастау нүктелері соңғы сауда-саттық нәтижелеріне байланысты шетелдік валюта бағасын жаңартты.
Осылайша, Kurs.kz мәліметінше, оңтүстік астананың ақша айырбастау нүктелерінде долларды 402,8-406 теңгеден сатып алуға болады. Алматыда доллардың орташа бағасы 403,9 теңгені құрайды.
Ал елорданың ақша айырбастау нүктелерінде америкалық валютаның бағасы – 403-405 теңге. Мұнда доллардың орташа бағасы 403,6 теңгені құрайды.
Еліміздің үшінші мегаполисінде доллар 404 теңгеден сатылуда, Шымкенттегі америкалық валютаның орташа бағасы да осы соманы құрайды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлттық банктің айырбастау нүктелеріне доллар бағамынан пайда табуға тыйым салғанын хабарлағанбыз.
Қаржы реттеуші ұйымы қаржы нарығы ойыншыларының валюталарды сату мен сатып алу бағамдары арасында маржаны негіссіз көтеруін болдырмау бойынша шұғыл шаралар қабылдаған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1858522-kazakstanda-dollardy-bagasy-krt-tmendedi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.