RU

Елімізде салық төлемейтіндер қылмыстық жазаға тартыла ма

Салық
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда салық төлеуден жалтарғаны үшін азаматтарға қылмыстық жауапкершілік қарастырылған ба? Бұл сұраққа жауапты Нурфиннің мақаласынан оқыңыз.

Салық төлеуді кешіктіру туралы хабарлама алған кезде кейбір азамат бұл мәселеге жеткілікті назар аудармай жатады. Бірақ хабарламаларды жүйелі түрде елемеудің салдары сізді қуанта қоймауы мүмкін.

Салықтар - бұл бәріне міндетті және мемлекетке төленетін төлемдер. Салық салудың есебінен мемлекеттік аппарат жұмыс істейді. Сондай-ақ, халықты қолдауға бағытталған әлеуметтік бағдарламалар белгілі бір деңгейде салық төлемдерімен қамтамасыз етілген.

Жеке және заңды тұлғалар үшін салық төлемдерін уақытында және жүйелі түрде төлеу маңызды. Салықтардың бірнеше түрі бар, олардың әрқайсы белгілі бір мақсаттарға бағытталған: көлік салығы, мүлік салығы, табыс салығы және т.б.

Салық төлеуден жалтарудың салдары

Салық
Көрнекі сурет: pixabay.com

Мемлекеттің жұмыс істеуі салықтармен тығыз байланысты. Сондықтан, бұл міндеттемеден жалтарған адамдарға мемлекет тарапынан белгілі бір шаралар қолдану қарастырылған. Борышкерден (жеке тұлға) салықты уақытылы төлемегені үшін өсімақы алынады.

Оның мөлшерін арнайы калькулятор көмегімен есептеуге болады. Ол үшін салық түрін таңдап, кешіктіру мерзімін және алғашқы төлемнің мөлшерін көрсету керек. Мәселен, көлік салығына 30000 теңге төленбеген жағдайда, үш айда 872,26 теңге өсімақы талап етіледі.

Егер кешіктіру жағдайы анықталса, салық төлеушіге салық қарызы туралы хабарланады. Онда қарызды өз еркімен жабу қажеттілігі сөз етіледі. Бұл тұрғыда әлдебіреулердің сөзіне сәйкес, салық төлемегеніңіз үшін 20000 теңге айыппұл қарастырылуы мүмкін екендігі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.

Егер салық төлеуші ​​салық төлеу жөніндегі міндеттемесінен жалтаруды жалғастыра берсе, іс сотқа жіберіледі. Сот орындаушылары қарыздың төленбеген сомасын мәжбүрлі түрде өндіріп алады. Сот орындаушыларының қолданатын шараларына келесілер жатады: салық төлеушілердің шоттарын қамауға алу, «сапар шегуге тыйым салынған» азамат мәртебесін беру, борышкердің мүлкін қамауға алу.

Сонымен қатар, борышкерге сот орындаушыларының қызметіне ақы төлеуге тура келеді. Бұл сома қарыздың 25% -на дейін жетеді.

Салық төлеушіге қарастырылған қылмыстық жауапкершілік

Салық
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қылмыстық кодекстің 224-бабында көрсетілгендей, салық төлеуден қасақана жалтарудың салдары ауыр болмақ. Міндеттерінен ірі көлемде жалтарған жағдайда, үш мың АЕК-ге дейін айыппұл салынады - 8 334 000 теңге.

Сондай-ақ, бұл жаза бостандықты шектеумен немесе, тіпті үш жылға дейін бас бостандығынан айырумен ауыстырылуы мүмкін. Егер азамат мұндай құқық бұзушылыққа бірінші рет айыпталса, онда ол бүкіл қарызды және есептелген өсімақылар мен айыппұлдарды төлеу арқылы бас бостандығынан айырылу жазасынан құтыла алады. Сондықтан, салық төлемдерін уақытылы төлеу өте маңызды. Егер кешіктіру анықталса, сот орындаушыларымен байланысқа шығудан қашпаған абзал.

Еске салсақ, бұған дейін отандық сарапшы вирус салдарынан елде кедейлер саны 2 млн-нан асатынын айтқан болатын.

Одан бөлек, сарапшылар ресейлік валюта бағамының құлдырауы теңгеге қалай әсер ететінін болжаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1876530-elimizde-salyk-tlemejtinder-kylmystyk-zazaga-tartyla-ma/