Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Доллар құны 500 теңгеге дейін баратыны рас па

Жарияланған күні:

Доллар
Көрнекі фото: © Sputnik / Абзал Калиев

Осы аптада теңгенің долларға шаққандағы бағамы бір-екі теңгеге нығайды. Осы орайда отандық сарапшылар теңгенің болашағына болжам жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Теңге жыл соңына дейін құнсызданады

Экономист Арман Байғановтың айтуынша, бұған дейін теңгенің құнсыздануына бірнеше фактор әсер еткен. Атап айтқанда, мұнай бағасы арзандады, ресей рублі де күрт құнсызданып кеткен. Алайда бүгінде жағдай түзеле бастаған. Соңғы үш күннің ішінде ұлттық валюта долларға шаққанда бір-екі теңгеге күшейді.

"Жалпы, бір-екі теңге – бұл қалыпты жағдай. Дегенмен жыл соңына дейін теңге әлсірейді деп ойлаймын. Бәлкім, 445-ке дейін барып қалады. Себебі коронавирустың екінші толқыны болады деген қауіп бар. Ондайда мұнай бағасы көтерілмейді", - деп түсіндірді Байғанов.

Маманның сөзіне сенсек, елдің ішкі экономикалық жағдайы да мәз емес. Карантиндік шаралар сақталып отырғандықтан, демалыс күндері сауда орталықтары мен базарлар жабық тұрады. Мұның барлығы теңгеге кері әсерін тигізуде. Себебі, іскерлік белсенділік әлі де төмен болғандықтан, бюджетке аз ақша түседі.

"Сосын салық жағынан жеңілдік жасалды. Демек бюджетке ақша түспейді. Ол да ұлттық валютамызға теріс әсер етеді. Сондықтан теңгенің күшеюіне негіз жоқ. Ол біртіндеп жыл соңына дейін құнсыздана береді", - деп атап өтті Байғанов.

Доллар 500-ге дейін бара ма?

Қаржы сарапшысы Айдархан Құсайынов болса, алдағы бір жылдың ішінде теңге айтарлықтай құнсызданып, доллардың бағамы 500 теңгеге дейін барып қалуы мүмкін екенін алға тартуда.

"Алдағы уақытта теңге тағы құнсызданады. Ал қазіргі жағдай көбінесе Қазақстанның ішкі оқиғаларымен байланысты. Ұлттық қордан жасалған трансферттер және тағысын тағы. Жаһандық оқиғалардың қатысы жоқ. Меніңше, теңгенің рубльге шаққандағы қазіргі бағамы тым жоғары. Сондықтан ұзақ мерзімде ол құнсыздануы тиіс", - дейді Құсайынов.

Маманның айтуынша, биыл ұлттық қордан бюджетке біраз трансферт құйылғанымен, бұл жұмыс тоқтағанда жағдай өзгереді.

"Жалпы, биыл дисбаланс болды. Біз ұлттық қордың есебінен валютаға деген ұсынысты ұстап тұрдық. Алайда сұраныс тым төмен болды. Пандемиядан кейін келесі жылы іскерлік белсенділік жанданғанда валютаға сұраныс көтеріледі. Транферттер, керісінше азаяды. Сол кезде баланс бұзылады, теңге де құнсызданады. Меніңше, бір жылдың ішінде 500-ге дейін барып қалады", - деп атап өтті Құсайынов.

Еске салсақ, бұған дейін біз қанша қазақстандық өзінің зейнетақы жинағын ала алмайтынын жазған болатынбыз.

Одан бөлек, елімізде салық төлемейтіндер қылмыстық жазаға тартыла ма деген сауалған жауап жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1878421-dollar-kny-500-tege-dejin-baratyny-ras-pa/