Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы тұрғын үй бағасы қымбат және арзан қалалар белгілі болды

Жарияланған күні:

пәтер кілт1
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстандағы тұрғын үй бағасы ең қымбат қалалардың рейтингі жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ жылжымайтын мүлік жөніндегі krisha.kz сайтына сілтеме жасап.

Оған мониторинг жүргізілген 17 қала кірген.

Рейтингтің көшбасын дәстүрлі түрде Алматы қаласы бастады.

Қазан айының басынан бері ұсынылған үйлердің орташа бағасы бір шаршы метр үшін 438 300 теңгені құрайды. Стандартты нысандардың ауданын ескерсек (1 бөлме — 38 шаршы метр, 2 бөлме — 56 шаршы метр, 3 бөлме — 70 шаршы метр), бір бөлмелі пәтер шамамен 16.7 миллион теңге, екі бөлмелі — 24.5 миллион, ал үш бөлмелі пәтер — 30.7 миллион теңге тұрады.

Ал екінші орынға Нұр-Сұлтан қаласы жайғасты.

Елордада сатушылар бір шаршы метрге 345 000 теңге сұрайды. Яғни, бір бөлмелі пәтер шамамен 13,1 млн, екі бөлмелі - 19,3 млн, ал үш бөлмелі пәтер 24,2 млн теңгені құрап отыр.

Жаңа ғимараттар басым елордада сатылатын пәтерлердің ауданы әдетте үлкенірек болады. Мысалы, бір бөлмелі пәтер — 36-38 ш.м орнына 40-42 ш. м. Тиісінше, мұндай пәтердің бағасы жоғары— 13.8 млн. Оған қоса, орналасқан жері мен жағдайына байланысты құнның өсуі шамамен 30 пайызды құрауы мүмкін. Мұндай факторға азғантай түзетулер енгізуге болады: пәтер неғұрлым үлкен болса, соғұрлым шаршысы арзанға түседі.

Рейтингтің үшінші орны Шымкентке бұйырды.

Қалада 1 шаршы метр үшін 281 200 теңге сұрайды. Тұрғын үйдің болжамды құны — бір бөлмелі пәтер үшін 10.7 млн теңге, екі бөлмелі пәтер үшін 15.7 млн теңге және үш бөлмелі пәтер үшін 19.7 млн теңге.

Ал төртінші орында Атырау қаласы.

Қалада бір шаршы метр 270 625 теңгеге бағаланып отыр. Тиісінші бөлмелерге байланысты бағалар 10,3 млн, 15,2 млн және 18,9 млн теңге.

Елдегі тұрғын үй бағасы қымбат қалалардың үздік бестігін Өскемен қаласы тәмамдады. Шаһарда пәтердің бір шаршы метр құны 265 475 теңге тұрады. 1-3 бөлмелі пәтерлердің стандартты алаңдарын есептегенде, орташа бағасы 10,1 млн, 14,9 млн және 18,6 млн теңге құрайды.

Петропавл, Қарағанды, Көкшетау, Талдықорған, Қостанай, Орал және Павлодарда бір бөлмелі пәтерлер шамамен 9.1 млн, екі бөлмелі пәтерлер — 13.4 млн, үш бөлмелі пәтерлер — 16.7 млн теңге тұрады.

Қазақстандағы тұрғын үй бағасы ең арзан қалалар рейтингі

Тұрғын үй бағасы қымбат емес өңірлердің үздік бестігін Семей бастайды. Қалада бір шаршы метрге шамамен 213 925 теңге сұрайды. Мұндай құнмен бір бөлмелі пәтер 8,1 млн теңге, екі бөлмелі-12 млн, ал үш бөлмелі 15 млн теңгені құрап отыр.

Төртінші орында Ақтау. Мұнда бір шаршы метр шамамен 198 575 теңге. Тиісінше, пәтерлер бөлме санына байланысты 7,5 млн, 11,1 млн және 13,9 млн теңгеге бағаланады.

Тараз бір шаршы метрге 196 400 теңге индексімен тізімнің үшінші орнында тұр. Шаһарда сатушылар бір бөлмелі пәтерге шамамен 7,5 млн, ал екі бөлмелі пәтерге -11 млн, үш бөлмелі пәтерге 13,7 млн теңге сұрайды.

Екінші орынға шаршы метрі 164 050 теңгеге бағаланатын Ақтөбе қаласының үйлері орналасқан. 38, 56 және 70 шаршы метр аумақтағы пәтерлер 6,2 млн, 9,2 млн жән 11,5 млн теңгені құрайды.

Тұрғын үй бағасы ең арзан қала - Қызылорда. Қалада бір шаршы метр 144700 теңгеге сатылып жатыр. Бір, екі және үш бөлмелі пәтерлердің болжамды бағасы 5,5 млн, 8,1 млн және 10,1 млн теңгені құрайды.

Айта кетейік, бұған дейін елордада жыл басынан бері көші-қон заңнамасын бұзған 600-ге жуық пәтер анықталғанын жазған едік.

Сонымен қатар Нұр-Сұлтанда жалғызбасты ана апелляциялық сотта қалалық тұрғын үй басқармасын жеңіп шыққанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1879853-kazakstandagy-trgyn-j-bagasy-kymbat-zne-arzan-kalalar-belgili-boldy/