Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Enbek.kz биржасының арқасында 25 мыңнан астам алматылық жұмыс тапты

Опубликовано:

Enbek.kz
Фото: enbek.kz

Бүгінгі таңда мұнда жалпы Қазақстан Республикасы бойынша 509 739-дан астам жұмыс беруші, 860 мыңға жуық жұмыс іздеуші және персоналды іріктеу жөніндегі 98 жеке агенттік тіркелген.

Enbek.kz - бұл компаниялардан жұмыс іздеуге және бос жұмыс орындарын орналастыруға арналған тегін электрондық алаң. Порталда 39 мыңға жуық бос жұмыс орны және Қазақстан Республикасы бойынша 275 721-ден астам түйіндеме, ал Алматы бойынша - 11 251 түйіндеме жарияланды.

Алматы қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары жұмыс берушілермен бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді жинау және enbek.kz интернет-порталындағы жеке кабинеттерде бос жұмыс орындары туралы ақпаратты толтыру, сондай-ақ, осы саладағы заңнаманы түсіндіру бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді.

Нәтижесінде бүгінгі таңда Алматыда 12 609 жұмыс беруші Жұмыспен қамту орталығымен ынтымақтасады, және олардың барлығы электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, электрондық еңбек биржасында жұмысқа қосылған. Компанияларды еңбек биржасына белсенді тарту үшін Жұмыспен қамту орталығы тұрақты түрде дөңгелек үстелдер мен бос орындар жәрмеңкелерін өткізеді.

Сондай-ақ, жұмыс іздеп жүргендерге көмектесу үшін Жұмыспен қамту орталығында өзіне-өзі қызмет көрсетудің тегін аймағы жұмыс істейді, онда жұмыссыздар компьютерде өз бетінше жұмыс істей алады және Enbek.kz порталына тіркелуге, түйіндеме жасауға кіре алады.

Порталда тіркелу, бос жұмыс орнын немесе түйіндемені орналастыру жеткілікті, сондай-ақ жіберілімге жазылуға және өзіңіздің электрондық мекенжайыңызға немесе Telegram мессенджеріне берілген критерийлерге (қызмет саласы, кәсібі, өңірі) сәйкес жаңа топтаманы алуға болады. Enbek.kz порталында кәсіптік бағдарлау тестінен өту және оның нәтижелеріне сәйкес бос жұмыс орындарын табу ұсынылады.

Бүкіл республика бойынша бос жұмыс орындары мен ізденушілер туралы ақпарат enbek.kz-те әр түрлі көздерден, тек жұмыссыздардың және жұмыс берушілердің ғана емес, сондай-ақ бос жұмыс орындары мен ізденушілердің мемлекеттік дерекқорынан, жеке жұмыспен қамту агенттіктерінен, бұқаралық ақпарат құралдарынан, жұмысқа орналастыру жөніндегі онлайн-алаңдардан күн сайын жаңартылып отырады.

Қосымша ақпарат алу үшін Алматы қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының кеңесшілеріне мына мекен-жай бойынша хабарласуға болады: Назарбаев даңғылы, 50 үй, Жібек жолы көшесінің қиылысында. Тел.: 8 (727) 224 20 00,221 66 11. Немесе www.enbek.kz порталындағы "Көмек" бөлімін пайдаланыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1881657-enbekkz-birzasyny-arkasynda-25-mynan-astam-almatylyk-zmys-tapty/

pixel