RU

Сыбайлас жемқорлық салдарынан ел бюджетіне қандай зиян келді

сыбайлас жемқорлық
Көрнекі фото: egov.kz

Мемлекет жыл сайын сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қарсы түрлі іс-шаралар өткізеді. 2020 жылы осындай заң бұзушылықтардың Қазақстан экономикасына қалай әсер еткені туралы Нұрфин материалынан оқыңыз.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері – бұл тек жергілікті жағдайға ғана емес, сонымен бірге мемлекеттің бүкіл экономикасына кері әсер ететін фактор. Пара алу немесе жосықсыз бәсекелестік ұсынылатын қызметтер мен тауарлардың сапасына әсер етеді.

Ranking.kz хабарлауынша, 2020 жылы тіркелген парақорлық туралы статистика төмендеді. Алайда, мұндай құқық бұзушылықтардан келген зиян мөлшері бірнеше есе өсті.

Кісен салынған қол
Көрнекі фото: piqsels.com

Құқық бұзушылықтан келтірілген материалдық шығын

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2020 жылдың үш тоқсанында сыбайлас жемқорлықтан және басқа да заң бұзушылықтардан келтірілген материалдық зиян мөлшері 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34,4% өсті.

Экономикаға келтірілген зиянның жалпы сомасы 20,8 миллиард теңгеге жетті. Яғни, бұл мақсатсыз пайдаланылған, тиімсіз пайдаланылған немесе заң бұзушылыққа байланысты алынбаған қаражат.

Құқық бұзушылық түрлері бойынша 68,8%-ы "абайсызда" жасалған. Яғни, мемлекеттің немесе үшінші тұлғалардың құқықтары мен мүдделерінің бұзылуына әкеп соқтырған өз міндеттерін орындамау немесе тиісінше орындамау.

Мемлекеттік қызметшілердің салғырттығынан келген жалпы материалдық шығын жылдық көрсеткіште 67,1%-ға өсіп, 14,3 млрд теңгені құрады.

Мүліктік шығын статистикасы
Материалдық шығын статистикасы. Дереккөз: Ranking.kz

2020 жылдың тоғыз айында билікті асыра пайдалану 4,215 млрд теңге шығын келтірді. Бұзушылықтың бұл түрі тізімде екінші болып табылады және жалпы көрсеткіштердің 20,2%-ын құрайды. Бірақ, ең бастысы, парақорлықтан келген зиян 137,6 есеге өсті. Жалпы статистикадағы үлес 9,3%-ға жетті, ал сомасы – 1,9 млрд.

Статистикалық деректер

Тек тоғыз айда мемлекет мүдделеріне және мемлекеттік бюджетке қарсы 1,7 мың сыбайлас жемқорлық заң бұзушылықтары тіркелді.

2019 жылдың үш тоқсанындағы көрсеткіштермен салыстырғанда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің 12,4%-ға төмендеуі байқалады.

Пара барлық құқық бұзушылықтардың үштен екісін құраған – 1,1 мың іс (65,8%). Тікелей пара алу үшін 603 құқық бұзушылық анықталды.

Ел аймақтарындағы жемқорлық
Ел аймақтарындағы жемқорлық. Дереккөз: Ranking.kz

Қазақстан аймақтарының рейтингі

Ranking.kz мәліметтері бойынша, сыбайлас жемқорлыққа байланысты парақорлықтың ең жоғары үлесі Алматы облысында болған. Бұл аймақта 114 жағдай анықталды, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 1,7-ге көп.

Үздік үштікке Нұр-Сұлтан (113 жағдай және өсім 1,5 есе) және БҚО (106 жағдай және өсім 2,1 есе) кірді.

Алматы бұл рейтингте төртінші орынға ие болды – былтырғыдай 93 жағдай.

Ал ең төменгі көрсеткіш Ақмола облысында тіркелді – 30 бұзушылық, бұл өткен жылмен салыстырғанда 39,5%-ға аз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1881828-sybajlas-zemkorlyk-saldarynan-el-budzetine-kandaj-zian-keldi/