BI Group пен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі пәтер алу үшін тиімді ипотека ұсынды
Жарияланған күні:
BI Group пен ТҚЖБ жаңа бірлескен бағдарламасы тұрғын үйді қосымша кепілсіз, одан әрі төмендетілген 36% бастапқы жарнасы мен 7%-дан жылдық (ЖТСМ 7,4%-дан) несие мөлшерлемесін болашақта төмендете отырып, сатып алуға мүмкіндік береді. BI Group-тің колдауының арқасында алғашқы төлем мөлшерін азайтуға мүмкіндік туды.
Жаңа өнімнің шарттарын ұсынып отырған BI Group және Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің өкілдері. Жаңа бағдарлама бойынша баспана сатып алуға арналған несиенің ең жоғарғы соммасы - 90 миллион теңге, несие мерзімі 6 айдан 25 жылға дейін. Жаңа ипотекаға өтініштер қабылдау ағымдағы жылдың 2 қарашасында басталады.
"Осы жылы банк өзінің 17 жылдығын атап өттіп, осы уақыт ішінде Қазақстанның әрбір тоғызыншы азаматы Банктің салымшысы болды. Тек 2020 жылдың басынан бері қазақстандықтар Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде 377 мың баспанаға жинақтау және жеңілдетілген несие алу үшін жаңа салымдарды ашты. Күніне 250-ге жуық ТҚЖБ клиенті қол жетімді несие алуға өтініш беріп, қоныс тойын тойлайды. Сонымен қатар, елде жеңілдетілген ипотекаға деген сұраныс тез өсуде. Клиенттер баспана мәселесін шешуге көмектесу туралы біздің банкпен байланысуды жалғастыруда. Көбіне мұндай клиенттерге жалпы шарттар бойынша несие беру үшін алғашқы жарна жетіспейді, ал олар қандай-да бір өлшем бойынша мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес келмейді. Сондықтан алғашқы төлемді азайтуға бағытталған BI Group компаниясымен бірге біз жаңа өнім жасадық. Бұл клиенттерге Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен екі жеңілдетілген несие алу арқылы алғашқы жарна және баспана сатып алу үшін несие алуға мүмкіндік береді. Жаңа ипотека қазақстандықтарды өздерінің жеке тұрғын үймен қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар клиенттің отбасылық бюджетіндегі қаржылық жүктемені азайтуға көмектеседі", - деп түсіндірді ТҚЖБ Орталық филиалының директоры Жансұлтан Матаев.
BI Finance көшбасшысы Нурлан Онгарбаев:
"Бүгін біз тұрғын үйге қол жетімділікті жақсарту үшін тағы бір қадам жасадық. Бұл ипотеканың негізгі құндылығы бастапқы жарнаның 50% -дан 36% -ға дейін төмендеуі болып табылады. Біздің сараптарымызға сәйкес, тек елордада 12 мыңнан астам адамның 35% көлемінде жинақтары бар, 50% -ды жинау әркімнің қолынан келе бермейді. Біз клиенттерге бүгін жеткілікті мөлшерде жинақтың жинақталуын күтпей, тұрғын үй сатып алу мүмкіндігін ұсынамыз. Бұл ретте несие мөлшерлемесі жылдық 7% (ЖТСМ 7,4%-дан) деңгейінде сақталады. Барлығы қарапайым: клиент сату бөлімінен пәтер таңдайды, сол жерде несие алуға өтінім жасайды және көптен күткен сатып алуды жүзеге асырады.
Банк 15 минут ішінде несие беру бойынша шешім қабылдайды. Біз өз тарапымыздан әр отбасы өзінің армандаған бұрышына қоныс аударуы үшін пәтерлердің үлкен таңдауын ұсынуға дайынбыз. Біздің компанияның жаңа тұрғын үй кешендерінде тұрғын үйді сатып алу тартымдылығы құрылыс кезеңіндегі төмен құны, сапа кепілдігі, сондай-ақ объектілерді уақытында құрылысын аяқтауына байланысты".
Жаңа ипотека бойынша баспананы тек BI Group және Nova City тұрғын үй кешендерінен сатып алуға болады, оларда Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорының кепілдігі бар. Үлестік қатысу туралы келісімге сәйкес, сатып алынған пәтер кепіл ретінде болады.
Бағдарламаға қатысатын тұрғын үй кешендерінің тізімін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің филиалдарында және BI Group, Nova City сату бөлімдерінде, сондай-ақ 360 телефонына қоңырау шалу арқылы білуге болады (ұялы телефоннан тегін).
Бағдарламаға қатысатын тұрғын үй кешендері:
Нұр-Сұлтан:
ТҮК «Сердце столицы» 1 кезек (BI Group)
ТҮК «Besterek» (BI Group)
ТҮК «Asyl Mura» 1 кезек (BI Group)
ТҮК «Sezim Qala» 6, 7 кезек (Nova City)
ТҮК «Nova City на Туране» 1, 2 кезек (Nova City)
ТҮК «Nova City на Рыскулбекова» 1, 2 кезек (Nova City)
Алматы:
ТҮК «Gulder» (BI Group)
Бағдарламаға қатысатын жоспардағы тұрғын үй кешендері:
Нұр-Сұлтан:
ТҮК «Aru Qala» 1 кезек (Nova City)
ТҮК «Headliner» (BI Group)
ТҮК «Сердце столицы» 2 кезек (BI Group)
ТҮК «Sezim Qala» 8 кезек (Nova City)
ТҮК «Nexpo City» (BI Group)
ТҮК «Asyl Mura» 2 кезек (BI Group)
ТҮК «Besterek» 3 кезек (BI Group)
ТҮК «GRAND TURAN» (BI Group)
ТҮК «Capital Park» (BI Group)
ТҮК «Lake Town» (BI Group)
ТҮК «Южный треугольник» (Nova City)
Алматы:
ТҮК «ONER» (BI Group)
ТҮК «Gulder» 3 кезек (BI Group)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1882353-bi-group-pen-trgyn-j-krylys-zinak-banki-pter-alu-sin-tiimdi-ipoteka-syndy/