Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

1 қаңтардан бастап қазақстандықтарды қандай өзгерістер күтіп тұр

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

2021 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан заңнамасында болатын өзгерістер туралы ақпаратты Параграф ақпараттық жүйесі дайындады деп хабарлайды zakon.kz.

"2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң қабылданды.

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап:

- ең төменгі жалақы - 42 500 теңге;

- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 18 524 теңге;

ең төменгі зейнетақы - 43 272 теңге;

- АЕК - 2 917 теңге;

- базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін күнкөрістің ең төменгі мөлшері - 34 302 теңге.

Зейнетақы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 7 пайызға өседі.

Жеке тұлғалардың табысы туралы декларация

Салық кодексіне жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер енгізілді.

Атап айтқанда, көпбалалы отбасыға, ерікті зейнетақы жарналарына, білім алуға, дәрі-дәрмекке, жәрдемақыға, сақтандыру сыйақыларына салықтық жеңілдіктер қосылды.

Жеке практикадан түскен табысқа қосымша жеке сот орындаушылардың, адвокат және кәсіби медиатордың табысы қосылды.

Қосымша салық амнистиясы

Салық кодексіне және оны іске асыру туралы заңға енгізілген өзгертулер жеке тұлғаларға салық төлеушінің жеке шотындағы өсімпұлдарды есептен шығаруға арналған қосымша салық амнистиясын 2020 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша қарастырады.

Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу

Азаматтарға жеке табыс салығы төлемін біржолғы зейнетақы төлемдерін қолданған кезде кейінге қалдыру құқығы беріледі және оны есептеу, ұстау және төлеу тәртібі анықталады; шағын және орта бизнеске құқық беру үшін бөлшек сауда салығының арнайы салық режимі енгізілген.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау

Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі жұмыс істей бастайды.

Шетелдік жұмыс күші

Маусымдық жұмысшылар үшін Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат бергені немесе ұзартқаны үшін алым мөлшерлемесі өзгертілді.

Олар:

күнтізбелік 90 күнге дейін - 12 еселенген АЕК;

күнтізбелік 180 күнге дейін - 24 еселенген АЕК;

күнтізбелік 270 күнге дейін - 36 еселенген АЕК;

365 күнтізбелік күнге дейін - 48 еселенген АЕК.

Сонымен қатар, шетелдік маусымдық жұмысшыларға арналған мамандықтардың тізімі бекітілді.

Бюджет

2021 жылдан бастап келесі қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының мәтінінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша мемлекеттік аударымдардың мөлшері қамтылуы керек.

Жарнама

Сыртқы (көрнекі) жарнама нысандары ұлттық стандарттарға сәйкес келуі керек.

Медицина

Дәрілік заттарды өндіруде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналымы саласындағы субъектілер өндірістік тәжірибенің (GMP) талаптарын сақтауы керек.

Білім

Мемлекеттік үлгідегі білім беру құжаттарының барлық түрлеріне арналған кірістіру формаларында автоматты сәйкестендіру және деректерді жинау технологиясы немесе QR код қолданылады.

  • Сондай-ақ, мемлекеттік стандарттың білім құжаттарына кірістірулер, қосымшалар түрінде, жарияланған білім беру бағдарламаларын аккредиттеген агенттіктерінің логотиптері орналастырылған.

Азаматтардың шығындарын растайтын құжат

Мемлекеттік кірістер органдары білім алуға, ипотека төлемдеріне және дәрі-дәрмектерге шығындар туралы ақпарат жинайды.

Нотариустар

Нотариустар мемлекеттік кірістер басқармасына ақпарат ұсынуы керек:

  • мемлекеттік тіркеуге жататын мүлік туралы мәмілелер мен келісімдер туралы, мұрагерлік құқығына берілген куәліктер туралы, егер мәміле бағасы 160 еселенген АЕК-тен асса, басқа мәмілелер мен келісімдер бойынша.

Брокерлер

Мемлекеттік кірістер органдарының талабы бойынша брокерлер жеке тұлғалардың бағалы қағаздары мен биржалық тауарларының операциялары туралы ақпарат ұсынуы керек.

Шағын қаржыландыруды лицензиялау

Микроқаржы ұйымдарының, несиелік серіктестіктердің және ломбардтардың қызметі жаңа ережелерге сәйкес лицензияланатын болады. Қызмет алушылардан алынатын лицензиялық төлемдер:

  1. лицензия беру үшін 30 АЕК құрайды;
  2. лицензияны ұзарту үшін лицензия беру мөлшерлемесінің 10% құрайды;
  3. лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензия беру мөлшерлемесінің 100% құрайды.

Тиісті қызмет мемлекеттік қызметтер тізілімінде пайда болады.

Әкімшілік іс жүргізу

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға немесе қарауға уәкілетті органдар әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімін жүргізеді. Онда әкімшілік құқық бұзушылықтар, оларды жасаған адамдар, олар бойынша қабылданған шешімдер туралы мәліметтер қамтылған, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді электронды түрде жүргізу жүзеге асырылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1891304-1-katardan-bastap-kazakstandyktardy-kandaj-zgerister-ktip-tr/

pixel