Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қалта көтермейді": Еліміздің бірнеше облысында жұмыртқа бағасы қымбаттады

Опубликовано:

Жұмыртқа
Көрнекі сурет: pixabay.com

Еліміздің бірқатар облыстарында тұрғындар жұмыртқа бағасының шарықтап кетуіне шағымдануда, ал кейбір қалаларда бұл өнім дүкен сөрелерінен мүлде табылмай отыр деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Шенеуніктер жұмыртқаның құнын бақылай алмайтынын алға тартуда. Телеарна тілшілері анықтағандай, жыл басында республиканың кейбір аймақтарында жұмыртқа 500 теңгеге дейін қымбаттағаған.

"Құс тұмауына байланысты тауықтардың қырылғаны себеп болды ма, әлде басқа себебі бар ма, бағасы шошытарлық", "Мен тіпті сары май мен жұмыртқаның бағасына қарамаймын, көңіл-күйімді бұзғым келмейді", "Бағасын салыстырдық, расымен 500-ге дейін жетеді. Бұл өте қымбат, оны кез келген адамның қалтасы көтере бермейді", - дейді бағаның өсуіне пікір білдірген Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары.

Сол арада, Ақтау супермаркеттерінде жұмыртқаны сатып алуға шектеу қойылған - бір адамға оннан астам жұмыртқа сатылмайды.

Ал Петропавлда кейбір дүкендерде жұмыртқа сөрелерден мүлде жоғалып кеткен. СҚО құс фабрикасы бүгінде жұмыртқа өндірмейтіндерін, тек тапшылықты жою үшін басқа аймақтардан жұмыртқаны сатып алатынын алға тартуда. Сол себепті, өнімнің бағасы шарықтап кеткен.

"Біздің барлық фабрикалар жұмыс істемейді. Біз Рудный мен Бурабайға барамыз. Барлығы көлікке, олардың санына байланысты", - деп түсіндірді "Алекридің" өкілі Валентина Валдер.

Шенеуніктердің айтуынша, Солтүстік Қазақстандағы 5 құс фабрикасының біреуі ғана үздіксіз жұмыс істейді. Мемлекеттік органдар болса, нарықтың шаруасына араласқысы жоқ, олар бүгінде кәсіпкерлердің онсыз да бизнесі тұралап қалмау үшін барын салып жатқандарын алға тартуда. Жұмыртқа бағасына шектеу қою да мүмкін болмай отыр.

"Бұл нарық, сұраныс бар, сұраныс нарықтық тәсілмен қанағаттандырылуда. Бизнес жұмыртқаның құнына 2-4 теңге қосады, өйткені бағаны белгілеу кезінде логистика мен қаптама құны да есепке алынады", - дейді Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық дамуы басқармасының басшысы Медет Оспанов.

Сонымен қатар, тұрақтандыру қорларының дүкендерге жұмыртқаны 300 теңгеден жеткізетіндігі, бірақ мұндай тауарлар санаулы секунд ішінде сатылып кететіні айтылуда.

Сарапшылар айдың ортасына дейін баға тұрақтана қоймайтынын болжап отыр. Себебі, жергілікті зауыттар құстардың жаппай қырылуымен байланысты шығындарды қалпына келтіріп үлгеруі тиіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1892208-kalta-ktermejdi-elimizdi-birnese-oblysynda-zmyrtka-bagasy-kymbattady/

pixel