"15 қаңтардан бастап несие рақымшылығы болады": Агенттік ақпаратқа түсініктеме берді
Жарияланған күні:
3 қаңтарда Youtube желісінде "жаңа" несие рақымшылығы туралы видео тарады. Онда 5 миллион қазақстандықтың кепілсіз тұтынушылық қарыздары, төлемдердің мерзімін кешіктіргені үшін өсімпұлдар мен айыппұлдар шығынға жазылатыны айтылған. Роликте 2019 жылы Қазақстанда өткен несиелік рақымшылық туралы кейбір деректер пайдаланылғаны деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Stopfake.kz мәліметінше, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ресми түрде роликтегі ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлаған.
"Видеоның 2021 жылғы қаңтарда жарияланғанына қарамастан, онда ұсынылған ақпарат Қазақстанда 2019 жылы өткізілген рақымшылық туралы. Сонымен қатар, Қазақстан президенті бұл акцияның бір реттік екенін және кейіннен өткізілмейтінін атап өтті. Осылайша, бейнероликтегі Қазақстанда жоспарланған кредиттік рақымшылық туралы деректер шындыққа жанаспайды", – делінген хабарламада.
Ведомство 2019 жылы өмірлік қиын жағдайға тап болған қарыз алушыларға мемлекет басшысының тапсырмасымен кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша 300 мың теңгеге дейінгі берешекті өтеу түрінде әлеуметтік көмек көрсетілгенін еске түсірді.
Оған сәйкес, 578 мың азаматтың 120 миллиард теңгелік кредит бойынша берешегі есептен шығарылған. Азаматтардың 52 пайыз берешегі толық көлемде өтеліпті.
Одан бөлек, барлық кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша 33,6 млрд теңгеге 1,2 млн азаматтың айыппұлдары кешірілді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1892851-15-katardan-bastap-nesie-rakymsylygy-bolady-agenttik-akparatka-tsinikteme-berdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.