Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зейнетақы жинағының мөлшері мен жеткіліктілік шегін қалай білеміз: Нұсқаулық

Жарияланған күні:

Депозит
Көрнекі фото: fingazeta.ru

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының сайтындағы жеке кабинетке қандай тәсілдермен кіруге болатынын және зейнетақы жинақтары мен алуға болатын қаражат туралы ақпаратты қайдан іздеу керектігін Нурфин мақаласынан оқыңыз.

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсарту және емдеу үшін пайдалану жобасының ресми басталуын күтуде. Жоба әлі толықтай іске қосылмаған, десе де салымшылар зейнетақы жинақтарының мөлшері мен алуға болатын соманы тексере алады.

Мұның ең жылдам тәсілі - Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының порталына кіру.

Қалай кіруге болады

Салымшыға жинағына қатысты барлық деректерді білу үшін БЖЗҚ порталының басты бетіндегі "Жеке кабинет" парақшасына өту керек. Мұнда кірудің екі нұсқасы ұсынылады: ЭЦҚ пайдалану немесе тіркеуден өту арқылы.

Алғашқы тәсіл - ең оңайы. Компьютердегі электрондық цифрлық қолтаңба туралы куәлікті таңдау арқылы жеке кабинетіңізге кіре аласыз.

Егер әзірге ЭЦҚ-ңыз жоқ болса, онда сіз жеке кабинетке кіру үшін бір реттік пароль ала аласыз. Бірақ бұл үшін ұялы телефон нөмірі және электрондық пошта сияқты байланыс ақпаратыңызды көрсетуіңіз қажет.

Ал ақпараттандыру әдісін таңдауда құсбелгі келесі пунктіге қойылуы керек: "Электрондық цифрлық қолтаңба және / немесе логин мен парольды пайдалана отырып, интернет арқылы өзім өтініш жасаған кезде".

Жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтініш
Жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтініш. Скриншот: NUR.KZ

Егер барлық деректер БЖЗҚ базасында болса, онда сіз келісімшартта көрсетілген телефон нөмірі немесе электрондық пошта арқылы бір реттік кодты ала аласыз. Содан кейін сізге тұрақты пароль орнату қажет.

Егер жеке зейнетақы шотыңыз бойынша келісімшартта сіздің телефон нөміріңіз секілді байланыс ақпараттарыңыз көрсетілмеген болмаса, онда сіз электрондық цифрлық қолтаңбаны онлайн режимінде ашып, оны жеке кабинетіңізге кіру үшін пайдалана аласыз.

ЭЦҚ көмегімен сіз келісімшарттың реквизиттеріне өзгертулер енгізіп, электрондық цифрлық қолтаңбаға қолжетімділік болмаған жағдайда, телефон нөмірін немесе электрондық поштаны пайдаланып жеке кабинетке кіру мүмкіндігін қолдана аласыз.

Жинақ сомасы мен қолжетімді соманы қалай білуге ​​болады

БЖЗҚ салымшысының реквизиттері, оның жинақ ақшасы, қаражатты алу үшін жеткіліктілік шегі және пайдалануға болатын сомаға қатысты барлық деректер жеке кабинетке кіргеннен кейін бірден көрсетіледі.

БЖЗҚ сайтындағы жеке кабинет
Скриншот: NUR.KZ

Зейнетақы жинағын тексеру

Мұнда зейнетақы шоты туралы ақпаратты жүктеуге, сақтауға немесе басып шығаруға болады. Олар анықтама түрінде жасалады, онда зейнетақы жарналары мен инвестициялық кірістерді қосқанда барлық жинақтардың мөлшері көрсетіледі.

Әрі қарай, салымшының жасына сәйкес келетін 2021 жылға арналған жеткіліктіліктің ең төменгі шегі көрсетілген. Одан бөлек, осы шектен асатын соманың жеке табыс салығымен және онсыз есептегенде қанша болып тұрғанын да көре аласыз.

Зейнетақы жинақтарындағы қаражатты пайдалану кезінде қазақстандықтар ЖТС-ты дереу төлей алады немесе салық төлеуді кейінге шегеру функциясын қолдана алады, яғни салықты зейнеткерлікке шыққаннан кейін төлей алады.

Бұл анықтаманы электронды немесе қағаз түрінде кейін қажетті мекемеге ұсына аласыз. Сіз бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының сайтында зейнетақы жинақтарын пайдалануға өтініш бере алмайсыз. Ол үшін жеке портал іске қосылады.

Жеке кабинетте сіз тек БЖЗҚ-ның стандартты қызметтерін пайдалана аласыз: белгілі бір мерзімге зейнетақы шотына қатысты ақпарат алу, өзге анықтамалар мен келісімдерді жүктеу, реквизиттерге өзгерістер енгізу және т.б.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1893245-zejnetaky-zinagyny-mlseri-men-zetkiliktilik-segin-kalaj-bilemiz-nskaulyk/