Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда зейнетақының екі есеге артатыны рас па

Жарияланған күні:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Қазнетте 2021 жылы зейнетақының екі есе өсетіні туралы жаңалық тарады. Алайда бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтыны белгілі болды деп жазады Stopfake.kz.

Басылым мәліметінше, 2021 жылы Қазақстанда зейнетақы мөлшерінің өскені рас, бірақ 50 пайыз емес.

"2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңға сәйкес 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 7 пайызға, яғни инфляция деңгейінен екі пайызға ілгерілеп арттырылды. Нәтижесінде жасы бойынша ең төменгі зейнетақы мөлшері 43 272 теңгені құрап отыр.

Базалық зейнетақы төлемінің мөлшері бес пайызға арттырылды. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап оның ең төменгі мөлшері 18 524 теңгені құрауда.

1 қаңтардан бастап ең төменгі зейнетақы мөлшері 61 796 теңгені құрады. Аталмыш мөлшер базалық зейнетақы төлемін ескере отырып бекітілуде.

Мұндай өсім 2,2 млн зейнеткерге қатысты болып отыр", - делінген еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында.

Фото
Скриншот: Stopfake.kz

Одан бөлек, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының өзгеруіне байланысты жәрдемақылардың келесі түрлері бес пайызға артты:

  • мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;
  • мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға, қамқоршыларға мемлекеттік жәрдемақы;
  • бала кезінен I-ші топтағы мүгедекке күтім жасайтын отбасыларға (адамдарға) мемлекеттік жәрдемақы.

Айлық есептік көрсеткіш мөлшері де өскендіктен, 1 қаңтардан бастап келесі жәрдемақылардың мөлшері бес пайызға артып отыр:

  • №1 және №2 тізімдер бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақылар;
  • бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақылар;
  • бала туғанда берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы;
  • "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған және "Ана даңқы" орденімен марапатталған көпбалалы аналарға арнайы мемлекеттік жәрдемақылар, мемлекеттік жәрдемақылар;
  • бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын балалары бар көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар;
  • Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға және жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына тағайындалған, бірақ төленбеген біржолғы ақшалай өтемақылар.
  • "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Заңға сәйкес МӘСҚ-дан еңбек ету қабілетінен айрылу және асыраушысынан айрылу жағдайларына төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері де бес пайызға арттырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1893341-kazakstanda-zejnetakyny-eki-esege-artatyny-ras-pa/