Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жарты миллионнан астам қазақстандық табысы туралы декларация тапсыруы керек

Опубликовано:

Табыс
Көрнекі фото: pixabay.com

Биылдан бастап Қазақстанда табыс декларациясы енгізіледі. Ең алдымен мемлекеттік қызметкерлер табысы туралы есеп бермек. Бұл санатқа қанша қазақстандық кіргенін Нұрфин журналистері анықтады.

Декларация көмегімен қазақстандықтардың нақты кірістері мен әл-ауқаты туралы ақпарат алу жоспарланып отыр. Өйткені декларацияда азаматтар қолма-қол ақша, банктік және инвестициялық шоттар, автокөліктер және т.б. мүліктері туралы мәлімет береді.

Жақын уақытта барлық азаматтар табыс салығы бойынша декларацияны толтыруы керек. Бірақ бұл процедура біртіндеп енгізілетін болады.

  • 2021 жылы - мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті мемлекеттік қызмет атқаратын азаматтар және олардың жұбайлары декларация тапсырады.
  • 2023 жылы - мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, квазимемлекеттік сектор субъектілері және олардың жұбайлары табысы туралы есеп береді.
  • 2024 жылы - заңды тұлғалардың директорлары, құрылтайшылары, жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары жеке табыс декларациясын тапсыруға міндетті болады.
  • 2025 жылы - осы жылдан бастап барлық қазақстандықтар мен Қазақстан Республикасында тұратын адамдар табыс салығы бойынша декларация тапсыруы керек.

Қазақстанда қанша мемлекеттік қызметкер бар

Мемлекеттік қызметшілер - бұл мемлекеттік басқару және қорғаныс, сондай-ақ міндетті әлеуметтік қамсыздандыру саласында жұмыс жасайтын қазақстандықтар.

Finprom.kz мониторинг агенттігінің хабарлауынша, елдегі мұндай жұмысшылардың саны 2020 жылдың үшінші тоқсанында 492,5 мың адамды құрады. Осы ретте олардың отбасылық жағдайы көрсетілмеген.

Инфографика
Скриншот: finprom.kz

Егер ерлі-зайыптыларды ескеретін болсақ, онда жарты миллионнан астам қазақстандық биыл табысы туралы декларация тапсыруы керек. Мұндай есеп, оның алғашқы ұсынылған күнінен бастап, жыл сайын ұсынылуы қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1894715-zarty-millionnan-astam-kazakstandyk-tabysy-turaly-deklaracia-tapsyruy-kerek/

pixel