Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БЖЗҚ қазақстандықтардың өтінімі неліктен кері қайтарылып жатқанын түсіндірді

Опубликовано:

Зейнетақы жинағы
Көрнекі фото: zhaikpress.kz

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басшысы Жанат Құрманов ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте қазақстандықтардың тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін зейнетақы жинағының бір бөлігін алуға берген өтініші неліктен кері қайтарылып жатқанын түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жанат Құрмановтың айтуынша, 5-31 қаңтар аралығында 1,2 миллионнан астам салымшылар мен алушылар БЖЗҚ-ға жеке зейнетақы шоты туралы көшірме сұрап жүгінген.

Азаматтарға 3,7 млн көшірме берілген.

Осы ретте шот көшірмесінің 96 пайыздан астамын азаматтар БЖЗҚ-ның электронды қызметін пайдалану арқылы алған. Ал 4 пайызын тікелей БЖЗҚ бөлімшелерінен алған.

"30 қаңтарды қоса алғанда, өтінім қабылдау басталғалы бері БЖЗҚ 38 507 өтінімді (212,6 млрд теңге) қарау үшін қабылдап, алдын-ала мақұлдады", - дейді Құрманов.

Сонымен қатар ол өтініштердің не себепті қабылданбай жатқанын да айтты. Көбінесе салымшылар өтінімде жеткіліктілік шегінен асатын соманы көрсетеді екен.

"Кері қайтарудың шамамен 13 пайызы бұған дейін қарау үшін қабылданған өтінімдерді қоса алғанда сұралған сомалардың алуға қолжетімді сомадан асып кетуімен байланысты. Одан бөлек қайта жіберілген өтінімдер болды. БЖЗҚ-да мүлдем жинағы жоқ салымшылардан да жекелеген өтінімдер түсті. Дұрыс рәсімделмеген басқа да өтінімдер болды", - дейді Жанат Құрманов.

Осыған байланысты маман салымшыларды өтінім бермес бұрын оны тексеріп алуға шақырды.

Ал "Отбасы банкі" АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова нашар несие тарихы зейнетақы жинағының бір бөлігін алуға кедергі болмайтынын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1896900-bzzk-kazakstandyktardy-tinimi-nelikten-keri-kajtarylyp-zatkanyn-tsindirdi/

pixel