Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Банктің "қара тізіміне" енгендер зейнетақы жинағын пайдалана ала ма

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Адамның кредиттік тарихы зейнетақы жинағын алуға кедергі бола алмайды. Бірақ ипотека рәсімдегенде қиындықтар туындауы ықтимал. Бұл туралы "Отбасы банкінің" басшысы Ләззат Ибрагимова айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Өтініш жіберіп, бір жолғы төлемді алуға мүмкіндік бар. Сондықтан кредиттік тарихтың дұрыс болмауы мен зейнетақы жинағын алудың арасындағы ешқандай байланыс жоқ", – дейді "Отбасы банкінің" басшысы.

Ибрагимова банктің "қара тізіміне" енген адам электронды портал арқылы өтінішті емін-еркін жібере алатынын жеткізді.

Арнайы есепшотқа зейнетақы жинағының бір бөлігі де түседі. Алайда ипотека рәсімдегенде қиындықтар туындауы мүмкін.

"Егер жаңа ипотекалық заем аламын десеңіз, онда міндетті түрде екінші деңгейлі банктерді аралап, тиімті шарттары бар ипотеканы іздейсіз. Ал ондайда адамның бұған дейінгі қарызды қалай қайтарғанына қарайды. Былайша айтқанда, кредиттік тарихына үңіледі", – дейді ол.  

Осы орайда Ибрагимова "Отбасы банкінің" тәжірибесін айтып берді.

Оның сөзінше, азаматтың мерзімі өтіп кеткен қарызы болмаса, ипотеканы рәсімдеуге мүмкіндігі бар.

"Мысалы, қарызды кеше ғана өтесеңіз де, ипотекаға құжат тапсырсаңыз болады. Ең бастысы, мерзімі өтіп кеткен төлемдер болмаса жеткілікті. Басқа банктермен арадағы қарым-қатынасыңыз да есепке алынбайды. Ал нарықтық бағдарламалар бойынша екінші деңгейлі банктегі қарызды жапқаннан кейін үш ай күту қажет. Сол кезде адамның кредиттік тарихы түзелген болып саналады", – дейді Ләззат Ибрагимова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1896932-bankti-kara-tizimine-engender-zejnetaky-zinagyn-pajdalana-ala-ma/

pixel