Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда азаматтардың жекелеген санаттары үшін зейнетке шығу жасы төмендей ме

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Қазақстанда зейнетке шығу жасын төмендету мәселесі тағы да көтерілді. Бұл жолы қоғамды азаматтардың жекелеген топтары үшін мерзімінен бұрын зейнетке шығу мүмкіндігі қызықтырды. Толығырақ Нұрфин материалынан оқыңыздар.

Қазақстанда зейнетке шығу жасын төмендету мәселесі жиі көтеріледі. Бұл жолы азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша заңнамаға түзетулер енгізу туралы баяндама осы тақырып қозғалды.

Халықтың кейбір топтарының зейнетке шығу жасын төмендету туралы ұсынысты қоғам өкілдері, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларды бағып отырған ата-аналар жасады.

Елде зейнет жасы төмендеуі мүмкін бе

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі зейнетақы жүйесінің ерекшеліктерін және мүмкіндігі шектеулі балаларды бағып отырған адамдарға қандай түзетулер қабылданатынын түсіндірді.

Қазақстанда жинақтаушы зейнетақы жүйесі бар екенін ескерген жөн. Бұл алатын зейнетақының сомасы еңбек өтіліне байланысты болатынын білдіреді.

"Мерзімінен бұрын зейнетке шығу зейнетақы жарналарын аударудың қысқа мерзіміне байланысты қартайған кезде тиісті зейнетақы төлемдерін алу үшін зейнетақы жинақтарының жеткілікті мөлшерін қалыптастыруға мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар, бұл базалық зейнетақы мөлшерінен де көрінеді", - дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Сол себепті белгіленген жасқа дейін зейнетке шығу мүмкіндігі зейнетақы төлемдерінің мөлшеріне айтарлықтай әсер етуі мүмкін.

Баспасөз қызметі мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған адамдар әлеуметтік тұрғыдан ең осал санаттағы азаматтардың бірі екенін атап өтті.

Сондықтан мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға мемлекеттік бюджеттен ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,4 мөлшерінде немесе 48 023 теңге жәрдемақы төленеді. Баланың 16 жасқа толғанға дейінгі күтімі осы ата-аналардың еңбек өтілінде есепке алынады.

"Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы аясында бұл мерзімді 18 жасқа дейін ұлғайту қарастырылғанын атап өткен жөн.

"Жоғарыда айтылғандар негізінде зейнетке шығу жасын, оның ішінде мүгедек баланы күтіп-бағып отырған адамдарға төмендету қарастырылмайды", - дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға арналған тиімді өзгерістер

Заңнамада енгізілген түзетулер балаларды, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған жұмысшыларға қатысты бірқатар оң өзгерістер қарастырылған:

  • Іссапардан бас тарту құқығы - үш жасқа дейінгі балалары бар, сондай-ақ науқас отбасы мүшелерін күтіп немесе мүгедек балаларды тәрбиелейтін жұмысшыларға (ҚР Еңбек кодексінің 127-бабы, 5-тармағы).
  • Толық емес жұмыс күні - жүкті әйелдерге немесе үш жасқа толмаған балалары бар ата-аналардың біріне (асырап алушыны қоса алғанда). Сонымен бірге жұмысшы медициналық қорытындысы бар отбасының науқас мүшесіне күтіп көрсетсе (ҚР ЕК 70-бабы, 3-тармағы).
  • Балаларды тамақтандыруға арналған қосымша үзілістер - жұмыс істейтін әйелдер мен бір жарым жасқа дейінгі балаларын анасыз тәрбиелейтін әкелер (заңды өкілдер) үшін (ҚР ЕК 82-бабы, 3-тармағы) және басқалар.

Заң жобасын қабылдау бойынша шығындар 2021-2023 жылдарға арналған бюджет жобасына енгізілген. Осы мақсаттарға бөлінген қаражат сомасы 55,4 миллиард теңгені құрайды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, қосымша шығындар талап етілмейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1897490-qazaqstanda-azamattardyn-zekelegen-sanattary-usin-zeinetke-sygu-zasy-tomendei-me/

pixel