Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қолданбай жүрген банк картасын жабу қажет пе

Опубликовано:

Карта
Көрнекі сурет: pixabay.com

Банктік карталардың статистикасына сәйкес, ел тұрғындарының арасында карта ұстаушылардың саны шамамен екі есеге артқан. Қазақстандықтарға қажетсіз банк картасын жабу керек пе және оның құны қанша болады. Бұл сұрақтарға жауапты Нурфин мақаласынан оқыңыз.

Банк картасы - төлемдер жасауға, ақша аударымдарын немесе қолма-қол ақшаны жылдам алуға ыңғайлы құрал.

Банктік карталардың сипаттамалары бойынша ерекшеленетін бірнеше түрлері бар: төлемдік, несиелік, дебеттік, бөліп төлеу карталары, әлеуметтік төлемдер үшін және т.б.

Картаны қолдану ыңғайлы болғандықтан, қолма-қол ақшаны ұстайтын қазақстандықтардың саны күн санап азаюда: өткен жылдың қаңтарынан қарашасына дейін банктік карталар арқылы қолма-қол ақшасыз жасалған төлемдердің мөлшері 30 трлн теңгені құраған.

Оның үстіне, көптеген қазақстандық бір уақытта әртүрлі банктердің бірнеше картасын ұстап жүруге әдеттенген. Карталардың кейбірі мүлде пайдаланылмауы және өз кезегін жылдап күтіп жатуы да ғажап емес.

Мәселен, 2020 жылдың қараша айының басында Қазақстандағы төлем карталарының саны 45,4 миллионды құрады. Ал оларды нақты ұстаушылардың саны 37,9 миллионға жеткен. Осы орайда сізге қолданыссыз жатқан банк картасы болса, оны жабу туралы ойланған артық етпейді.

Қолданыссыз жатқан карталар үшін ақша төлеу қажет пе

Әртүрлі банктік карточкалардың иесі нені есте ұстауы керек:

Ең алдымен, банк шотыңызда ақша болмаса да, сізден өз қызметі үшін комиссия ала алады. Сондықтан, дебеттік (жалақы) картаны жаппас бұрын сізге жыл сайынғы қызмет ақысын төлеу қажет болуы мүмкін. Мұндай картаны жабу үшін банкке өтініш жазу керек. Сондай-ақ егер келісімде көрсетілген болса, шотты жабу үшін де комиссия алынуы мүмкін.

Қарыздың бар-жоқтығына әсіресе овердрафт функциясы бар, яғни шотында қаражат жеткіліксіз болса, қарызға төлем жасауға мүмкіндік беретін дебеттік карталардың иелеріне ерекше назар аудару қажет.

Қызмет көрсетудің жылдық төлемі картадан алынған сәтте, шотта ақша болмаса, мұндай карталар минусқа кіріп кетіп жатады. Нәтижесінде сіздің несиелік тарихыңызға кері әсер ететін қарыз пайда болады. Картаны жаппас бұрын бұл қарызды да төлеуге тура келеді.

Несиелік картаны жабу

Несиелік карталар әртүрлі себептерге байланысты қажетсіз болып қалуы мүмкін. Кәдімгі жалақы алуға арналған карталардан айырмашылығы, несиелік карталарда әр сатып алған затыңыз үшін сыйақылар беру қарастырылған.

Сондықтан, егер сіз несие картасын жапқыңыз келсе, сізге сыйақыны ескере отырып, барлық қарызды төлеу қажет болады. Жабу процесі 45 күнге созылуы мүмкін. Бұл мерзімді халықаралық төлем жүйелері белгілейді деп жазады Fingramota.kz.

Қызмет көрсету шарттарын білу және қажет емес карталарды жабу мақсатында кеңес алу үшін банктің филиалына хабарласуыңыз керек немесе келісімде көрсетілген ақпаратты табуыңызға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1897790-qoldanbai-zurgen-bank-kartasyn-zabu-qazet-pe/

pixel