Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде ең жоғары жалақыны кімдер алатыны белгілі болды

Опубликовано:

ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ

2020 жылдың төртінші тоқсанының қорытындылары бойынша қазақстандықтардың орташа айлық жалақысының мөлшері жылдық 14,3 өсімді көрсетіп, 233,1 мың теңгеге жетті деп хабарлайды finprom.kz.

Инфляцияны есепке алғанда, нақты өсім 6,5 процентті құраған. Салыстырмалы түрде, 2019 жылдың сәйкес кезеңінде қазақстандықтардың орташа айлық жалақысы 203,9 мың теңгені құраған.

Өңірлер арасында орташа айлық жалақының ең үлкен мөлшері дәстүрлі түрде Атырау облысында: 377,4 мың теңге, бұл ел бойынша көрсеткіштен жалпы алғанда 61,9 процентке көп.

Сонымен қатар орташа айлық жалақысы жоғары аймақтар "үштігіне" Нұр-Сұлтан қаласы (349,6 мың теңге) және Маңғыстау облысы (337,7 мың теңге) кірген.

Ал төменгі жалақыны Түркістан облысы (166,7 мың теңге), Жамбыл облысы (168,8 мың теңге) және Солтүстік Қазақстан облысының (168,9 мың теңге) тұрғындары алады.

Түрлі салаларда қызмет ететін жұмыскерлердің еңбекақысында да айырмашылықтар байқалған.

Мысалы, тау-кен қазу өнеркәсібінде орташа айлық жалақының максималды мөлшері белгіленді (472,3 тыс. тг), ал қаржы және сақтандыру қызметінде бұл көрсеткіш 422,6 мың теңгені құраған.

Осы арада, ең төмен орташа айлық көрсеткіш сумен жабдықтау саласында (145,7 мың тг) және ауыл шаруашылығында (147,7 мың тг) тіркелген.

Өз кезегінде, білім беру саласында орташа айлық жалақы 176,5 мың тг құраған (ел бойынша орташа көрсеткіштен 24,3 процент төмен), денсаулық сақтау саласындағы орташа жалақы - 197,4 мың теңге (ел бойынша орташа көрсеткіштен 15,3 пайыз төмен).

Бұл салалардағы орташа айлық жалақы ел бойынша ең төменгілер қатарында.

Осылайша, Қазақстанда мұнайшылар мен қаржыгерлер мұғалімдер мен дәрігерлерге қарағанда екі есе көп табыс табады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1897853-elimizde-en-zogary-zalaqyny-kimder-alatyny-belgili-boldy/

pixel