Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зейнетақы жинағын пайдалану: БЖЗҚ салық төлеу тәртібін түсіндірді

Опубликовано:

Зейнеткер
Көрнекі сурет: pixabay.com

БЖЗҚ зейнетақы жинағын түрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емделу ақысын төлеуге пайдалану кезінде жеке табыс салығын төлеу тәртібі туралы айтып берді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Біржолғы зейнетақы төлемі дегеніміз не?

Біржолғы зейнетақы төлемі – сіздің тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында БЖЗҚ-дан алатын, міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинағының сомасы.

Ал зейнетақы жинағы – сіздің зейнетақы жарналарын, инвестициялық табысты, өсiмпұлды және өзге де түсiмдердi қамтитын БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотыңызда есепке алынатын ақшаңыз.

Зейнетақы жинағына жеке табыс салығы (ЖТС) салынбайды, ал зейнетақы жинағын пайдалану үшін төлеу кезінде бұл жинақтарға салық салынады.

Біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомасына салық салу тәртібін анықтау мақсатында Салық кодексі жаңа баппен (351-1) толықтырылды.

Кодекске сәйкес, БЖЗҚ зейнетақы жинағын алушының және (немесе) біржолғы зейнетақы төлемін аудару кезінде жеке табыс салығын есептейді.

Зейнетақы жинағын пайдаланушыға табыс салығын төлеудің екі тәсілі ұсынылады:

1) Біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру күнінен кешiктiрмей бір уақытта табыс салығын төлеу;

2) ай сайын тең үлеспен он алты жылдан аспайтын мерзім ішінде табыс салығын төлеу (БЖЗҚ зейнетақы төлемдері үшін белгілеген график бойынша).

Қай тәсілді таңдағаныңызды уәкілетті операторға жолдаған өтініміңізде көрсетіңіз керек.

Салықты бірден ұстап қалу туралы өтініш берілген жағдайда БЖЗҚ біржолғы зейнетақы төлемін жүзеге асырған кезде ЖТС сомасын біржолғы зейнетақы төлемінен бірден ұстап қалады.

Мысал:

Салымшының шотындағы зейнетақы жинағының сомасы 8 500 000 теңге құрайды делік. Зейнетақы жинағының жеткіліктілік шегі 3 500 000 теңге болса, біржолғы зейнетақы төлемдері үшін қолжетімді сома = 8 500 000 - 3 500 000 = 5 000 000 теңгені құрайды. Бюджет пайдасына ұстап қалатын және аударылатын салық сомасы = 5 000 000*10%= 500 000 теңге болады.

Егер салымшы табыс салығын бірден төлеу тәсілін таңдаса, оған 4 500 000 теңге беріледі. Ал егер кейін төлеуді қаласа, оған толықтай 5 000 000 теңге беріледі.

Салымшы салықты ай сайын тең мөлшерде ұстап қалу туралы өтініш ұсынған болса, БЖЗҚ біржолғы зейнетақы төлемін жасауда табыс салығын бірден ұстап қалмайды. Салық тек зейнетке шыққаннан кейін БЖЗҚ белгілеген зейнетақы төлемдері кестесіне сәйкес ай сайын тең үлеспен он алты жылдан аспайтын мерзім ішінде алынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1897959-zeinetaqy-zinagyn-paidalanu-bzzq-salyq-toleu-tartibin-tusindirdi/

pixel