Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде бір миллионнан астам азаматтың 2 миллиард теңге қарызы кешірілді

Опубликовано:

Теңге
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанда 1 миллионнан астам азаматтың 2 миллиард теңге қарызы кешірілді деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Бұл туралы қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті мәлім етті.  

Айта кетейік, салық рақымшылығын пайдаланғандардың қатары өткен жылға қарағанда биыл 300 мың азаматқа артық.

Бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда едәуір өскен. Яғни, салық рақымшылығын өз пайдасына шешкендер қатары еліміз бойынша 70 пайызға жетіп отыр.

Мемлекеттік кірістер комитеті аталмыш заң салық берешегі бар жеке тұлғалар үшін көмек ретінде енгізілгенін жеткізді..

"Салықтың негізгі сомасын төлесе, өсімпұл кешіріледі. Яғни азаматтарға жеңілдік жасалып отыр. Екіншіден салық бойынша берешегін құтылады. Сонымен қатар бұл салыққа қатысты жағдайды жақсартады", - дейді қаржы министрлігінің баспасөз хатшысы Әлібек Әбділов.

Еске сала кетсек, осыған дейін Ұлттық банктің баспасөз қызметі қазіргі уақытта еліміздің сыртқы қарызы қанша екенін айтқан болатын.

Төлем балансы департаментінің директоры Азат Өскенбаевтың сөзінше, Қазақстанның сыртқы қарызы 2020 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 160,9 млрд АҚШ долларын (немесе ІЖӨ-ге шаққанда 90,7%) құрады.

Көрсетілген көлем бюджеттің немесе халықтың қаражаты есебінен төленуге жатпайды, өйткені сыртқы борыштың шамамен 80%-ы мемлекет те, қарапайым азаматтар да жауап бермейтін жеке ұйымдардың міндеттемелеріне тиесілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1898261-elimizde-bir-millionnan-astam-azamatty-2-milliard-tege-karyzy-kesirildi/

pixel