Қазақстандықтар зейнетақы жинағынан алған ақшасын қайда жұмсап жатыр
Жарияланған күні:
"Отбасы банкі" басқармасының төрағасы Ләззат Ибрагимова біржолғы зейнетақы төлемдеріне ипотекасын баспана сатып алуға 28 мыңнан астам өтінім түсті деп хабарлайды Қазақпарат.
Оның сөзінше, қазіргі уақытта қарқынды түрде іске асырып жатқан біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану бойынша көрсеткіштер келесідей: келіп түскен өтінімдердің ең көп үлесі, бірінші ипотекалық қарызды өтеу – 35 мыңнан астам өтінім; ипотекасыз тұрғын үй сатып алу – 28 мыңнан астам өтінім, туысқа жинақтарды беру – 20 мыңнан астам өтінім.
2021 жылғы 19 ақпандағы жағдайға сәйкес, зейнетақы қорынан 564 млрд теңге сомасына 98 мың өтінім жіберілген. 145 млрд теңге сомасына 28 мың өтінім жүзеге асты.
Яғни, клиенттер растайтын құжаттарды ұсынды, деді Ибрагимова.
"Отбасы банкі" басқармасының төрағасының пікірінше, өткен жылы нарықта тұрғын үй сатып алу және сатудың 307 884 мәмілесі жасалған.2
021 жылдың 19 ақпанындағы жағдай бойынша зейнетақыға тұрғын үй сатып алуға байланысты мақсатқа 38 мың өтінім жіберілген.
Ол халықтың тұрғын үй мәселелерін шешуге қолжетімділікті арттыру мақсатында ібрақатар ұсыныстар жасалып, қолдау тапқанын жасырған жоқ.
"Бірінші - салымшылардың тұрғын үй құрылысы жинақтарын толтыру үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін банк жүйесіне салу. Екінші – жеке қаржыландыру көздерін пайдалану арқылы 2-3 жылдың ішінде жеке тұрғын үй құрылысын ұлғайтуға мүмкіндік беретін жер учаскесін алу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануды жеке мақсат ретінде бөлу", - деді Ләззат Ибрагимова.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1900338-zeinetaqy-zinagy-qazaqstandyqtar-aqsasyn-qaida-zumsap-zatyr/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.