Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зейнетақы жинағындағы ақшаны емге пайдалануға өтініштерді қабылдау басталды

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ

Емделу мақсатында зейнетақы жинағындағы қаражатты пайдалану үшін өтініштерді онлайн-платформа арқылы беруге болады. Мұндай өтініштерді төрт уәкілетті оператордың біреуі ғана қабылдайды.

Нақтырақ айтсақ, "Отбасы банкінің" онлайн-платформасында өтініштерді қабылдау басталды.

Өтініш беру алгоритмі зейнетақы жинағын тұрмыстық жағдайларды жақсарту үшін пайдаланғысы келетіндердің өтініш беру тәсіліне ұқсас келеді. Ол үшін сізге enpf-otbasy.kz сайтына кіріп, "Емделу"мақсатын таңдап, зейнетақы шотыңыздағы қажетті және қолжетімді соманы көрсетіп, табыс салығын ұстау әдісін таңдап, өтініш беру қажет.

Зейнетақы жинағыңызды жұмсай алатын медициналық қызметтің нақты түрін арнайы шотқа қаражат келіп түскеннен кейін таңдай аласыз. Өтінішіңіз мақұлданса, қаражат бірнеше күнде келіп түседі.

Ақша түскен бойда сіз тіркелген жеріңіздегі емханаға жүгінуіңіз керек, ол жерде медициналық комиссия жиналып, қорытынды шығаруы керек. Егер пациенттің зейнетақы жинақтары есебінен белгілі бір медициналық процедураны қабылдауға медициналық көрсеткіштері болмаса, онда комиссия өтінішті қабылдаудан бас тарта алады.

Комиссиядан оң жауап алынған жағдайда, өтініш берушінің өзі медициналық ұйымды, оның ішінде шетелдік ұйымды таңдай алады және онымен медициналық қызмет көрсету туралы келісім жасайды. Зейнетақы жинақтары есебінен стоматологиялық қызметті тек Қазақстанда алуға болатындығын ескеріңіз.

Медициналық ұйыммен келісім жасасқаннан кейін оның сканерленген нұсқасын медициналық комиссияның қорытындысын және егер бар болса, дәрі-дәрмектерді немесе медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуға арналған шотты онлайн-платформадағы өтінішке қоса тіркеу қажет болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1900722-zeinetaqy-zinagyndagy-aqsany-emge-paidalanuga-otinisterdi-qabyldau-bastaldy/

pixel