Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алаяқтар көкшетаулық әйелдің сеніміне кіріп, оның атына миллион теңгеге несие рәсімдеп жіберген

Опубликовано:

Иллюстративное фото
Фото: NUR.KZ

Көкшетау қаласының тұрғыны Анна Ковальды алдаған алаяқтар оның атына несие рәсімдеп жіберген. Әйелге қоңырау шалып, өздерін "банк қызметкері" ретінде таныстырғандар, оның сеніміне кіріп, телефонындағы қосымшаны қайта орнатуға әрі құпиясөзді ауыстыруға көндірген деп хабарлайды NUR.KZ.

Аннаның айтуынша, оған әлдебіреулер қоңырау шалып, өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырған және белгісіз біреу оның атынан бір миллион теңге несие рәсімдеп жібергеніне сендірген. Олар мәселені шешудің жолы бұған дейін орнатылған қосымшаны өшіріп, қайта жүктеу екендігіне Аннаны әбден сендіріпті. Әйел, соынмен қатар қосымшаға кіруге мүмкіндік беретін жаңа құпиясөзді орнатып, смс-хабарламамен келген кодты алаяқтарға айтып берген.

"Содан кейін маған банкоматты тауып, миллионды алып, "банктің" сақтандыру агентінің ЖСН-і бойынша бұл ақшаны шотқа салыңыз деді. Ол менімен ашық-жарқын сөйлесіп, өте сыпайы болып, сеніміме кіріп алды", - дейді Анна.
"Маған мәліметтер базасын жаңарту үшін қосымшаға екі сағат бойы кірмеу керектігі айтылды. Оған кіргенімде, менің атыма несие рәсімделгенін көрдім, төрт жыл бойы 45 мың теңге төлеп тұруым керек екен. Банкке қоңырау шалып, олардың алаяқтар екенін білдім. Мұнымен қоймай, олар мені мазақ етті - бұған дейін қосымшада менің профильді суретім болмаса, қазір ... нәжіс бейнеленген аватар пайда болды", - деп шағымданды әйел.

Бейтаныс адам сізге қоңырау шалып, әлдебіреу сіздің атыңыздан несие алайын деп жатқанын айтса, бұл шындыққа жанаспайды. Олар осылайша клиентті қорқытып алып, одан қосымшаға кіруге мүмкіндік беретін құпиясөзді біліп алады (немесе өздері қандай да бір жаңа құпиясөз қою керектігін айтады). Құпиясөзге қол жеткізген алаяқтар клиенттің атынан қосымшаға кіріп, несие алуға өтініш рәсімдеп жібереді.

Клиенттің өтінішті өзі толтырғанына көз жеткізу үшін банк оның телефонына құпия коды бар СМС-хабарлама жібереді. Алаяқтар бұл кодты біліп алып, өтінішті растау үшін оны енгізеді. Өтініш мақұлданғаннан кейін алаяқтар жәбірленушіден банкоматқа барып, оның атына несиеге берілген қаражатты сол жерден алып, өздерінің шотына жіберуді сұрайды. Әрине, олар бұл шоттың арнайы "сақтандыру" немесе "айна" шоты екеніне және бұл шот ақшаны сақтау үшін ашылғанына сендіреді.

Анна осы оқиғадан кейін оған тағы да өзге "қызметкерлер" қоңырау шалғанын есіне алды. Айтуынша, алаяқтар одан бұрын-соңды өзгеге ақша аударып көрген-көрмегенін сұраған. Жәбірленуші олардың "банк қызметкерімін" деген сөзіне тағы да сеніп, өз атына белгісіз біреу несие рәсімдеп қойғанын еш жасырмастан айтып берген екен, содан кейін алаяқтар дереу тұтқаны қоя салыпты. Анна оларға қайта қоңырау шалғанымен, тұтқаны ешкім көтермеген.

Ақмола облысының Полиция департаменті факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 2-бөлігі, 4-тармағы "Алаяқтық" дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында қаражат Алматы қаласының 22 жастағы тұрғынының атына жіберілгені, ал ... нөмірі банкке тиесілі екендігі анықталды. Полицейлер күдіктілердің телефонды алмастыру бағдарламасын қолданған болуы мүмкін екендігін айтуда.

Бүгінде қылмысты ашу бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, шынайы банк қызметкерлері ешқашан сіздің картаңыздың мәліметтерін сұрамайды, ұялы телефонға келетін құпиясөздерді немесе СМС-кодтарды айтуды талап етпейді, қосымшалар орнатуды немесе сілтемелер бойынша өтуді сұрамайды.

Сондай-ақ, алаяқтар абоненттік нөмірді ауыстыруыға мүмкіндік беретін мобильді қосымшаларды банктердің колл-орталықтарынан қоңырау шалғандай кейіп танытып, өздерінің арам пиғылдарын жүзеге асыру үшін пайдаланып жатады. Мұндай жағдайларда сіз телефон тұтқасын қойып, банк картасында немесе банктің сайтында көрсетілген сенімді нөмірге қоңырау шалуыңыз керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1902539-alayaqtar-koksetaulyq-aieldin-senimine-kirip-onyn-atyna-million-tengege-nesie-rasimdep-zibergen/

pixel