Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жазда қысқы дөңгелекпен жүрген көлік жүргізушілері қандай айыппұл арқалайды

Опубликовано:

дөңгелек
Көрнекі фото: kolesa.kz

Автокөлік дөңгелектері - машина үшін ең қымбат шығындардың бірі. Сондықтан, кейде көлік иелері оларды ауыстыруға асықпайды, темір тұлпарларының "қыстық аяқ киімін" шешпей жүре береді. Бұл үшін қандай айыппұл қарастырылғанын Нурфиннің материалынан оқыңыз.

Дөңгелектерді маусымға байланысты ауыстыру - жүргізушілер мен басқа жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі үшін міндетті.

Бұл әсіресе қысқы маусымға ауысқан кезде өте маңызды. Дәл осы уақыттарда жауын-шашын мөлшері артып, жол-көлік оқиғаларының қаупі артатыны рас.

Алайда, кейбір жүргізушілер жазда дөңгелектерін ауыстыруды ұмытып кетеді немесе бұл процесті ұзақ уақытқа шегереді.

Көлік құралдарын пайдалану ережелерін ескермеу жол апатының қаупін тудырады және ақшалай айыппұлмен жазаланады.

Елімізде қысқы дөңгелектер үшін қандай айыппұл қарастырылған?

Қысқы дөңгелектерін жаз маусымына арналғанына ауыстырмаған жүргізушілер Әкімшілік кодекстің 590-бабының 5-бөлігі бойынша айыппұл арқалайды.

2021 жылы айыппұл мөлшері 5 айлық есептік көрсеткіш немесе 14 585 теңгені құрап отыр.

Бұл ереже техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес келмейтін көлік құралдарын басқарғаны үшін, сондай-ақ ақаулар болған жағдайда немесе көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынған жағдайларды жазалауды көздейді.

Қыс мезгілінде жазғы дөңгелектермен жүру кезінде де осындай жаза қолданылуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1914439-zaz-ailarynda-qysqy-dongelekpen-zurgen-kolik-zurgizusileri-qandai-aiyppul-arqalaidy/

pixel