RU

Асқар Мамин халықтың табысы 5%-ға өсетінін айтты

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Премьер-министр Асқар Мамин парламент палаталарының бірлескен отырысында 2021 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандықтардың нақты табысы 5 пайызға артатынын жеткізді деп жазады Sputnik Қазақстан.

Оның сөзінше, 2021 жылдың қорытындысы бойынша үкіметтің алдында экономика өсімін 3,5-4,0% деңгейінде қамтамасыз ету және 1,2 миллион адамды жұмыспен қамту шараларын іске асыру міндеті тұр.

Асқар Мамин бұл халықтың нақты табысын 5 пайызға арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Премьер министрдің айтуынша, үкімет сонымен қатар 8 триллион теңгеге 415 инвестициялық жобаны іске асырмақ.

17 миллион шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру, 200 мектеп салу және 30 медпункт ашу, 6 мың шақырым автожол салу және жөндеу,  қаладағы халықты ауыз сумен 98%-ға және ауылда 91,8%-ға қамтамасыз ету жоспарланған.

Агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін пайдалану үшін 1 050 шақырым каналды жөндеу жоспарланып отыр, бұл суарылатын жерлерді 78 мың гектарға ұлғайтуға мүмкіндік береді, деді Асқар Мамин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1918650-asqar-mamin-xalyqtyn-tabysy-5-ga-osetinin-aitty/