Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көшті Алматы бастап тұр: Елімізде пәтер жалдау құны қанша

Жарияланған күні:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Қазақстан қалаларында бір бөлмелі пәтер жалдау құны қанша болатынын Нурфин тілшілері анықтап көрді.

Салыстыру қалай жүргізілді

Бағалардағы айырмашылықты салыстыру үшін krisha.kz сайтының мәліметтері негізге алынды. Біз пәтерлерді келесі параметрлер бойынша іріктеп көрдік: 1 бөлмелі, үй қожайындарынан және тексерілген агенттіктерден, фотоларымен, жекешелендірілген жатақханаға жатпайтын пәтерлер. Пәтерлердің жағдайын орташа және жақсы деп екіге бөліп қарастырдық.

Бір шаршы метрдің орташа құнын анықтау үшін біз ауданы 30-35 шаршы метр болатын бір бөлмелі пәтерлерді есепке алдық. Бұл мәліметтер тек салыстырмалы түрде 30 маусымдағы пәтерлер тізімін сараптау арқылы келтірілгенін және нақты нарықтағы жағдайды көрсететін ресми ақпарат еместігін ескерген жөн.

Нұр-Сұлтанда жалға алу

Іздеу нәтижелері бойынша Нұр-Сұлтанда жалға берілетін 47 бір бөлмелі пәтер бар. Ең қымбат пәтер 40 шаршы метр үшін айына 150 000 теңгеге бағаланып отыр. Жақсы және орташа жағдайдағы ең қолжетімді 1 бөлмелі пәтерлер айына 40 000 теңгеге бағалануда (25 шаршы метр).

Сол арада ауданы 30-35 шаршы метрді құрайтын 1 бөлмелі пәтерлер саны 7 ғана болып тұр, ал мұндай тұрғын үйдің бір шаршы метрінің орташа құны 3278 теңгені құрайды.

Алматыда жалға алу

Қазақстанның ірі мегаполисінде ең көп хабарландыру табылды - 100 пәтер. Ауданы 16 шаршы метр болатын 1 бөлмелі пәтердің бағасы 30 000 теңгеден басталады. Ал ең қымбат орташа және жақсы жағдайдағы пәтерлерді жалға алу - 30 шаршы метр үшін 350 000 теңге. Ауданы 30-35 шаршы метрді құрайтын пәтерлердің бір метрінің орташа бағасы 4 419 теңгені құрайды.

Шымкентте жалға алу

Еліміздің ірі қалаларының бірі - Шымкентте 1 бөлмелі пәтерді жалға беру туралы 9 ұсыныс қана табылып отыр.

Ең қымбат пәтер 30 шаршы метрді құрайды және айына 80 000 теңгеге жалға беріледі. Ең қолжетімдісі - 32 шаршы метрлік пәтер үшін 50 000 теңге. Біз 30-35 шаршы метр болатын 5 бір бөлмелі пәтерді ғана таба алдық. Мұндай пәтерлердегі тұрғын үйдің орташа құны 1987 теңгені құрайды.

Салыстырудан кейінгі қорытынды

Салыстыру нәтижелері бойынша ең қымбат жалға берілетін тұрғын үй Алматыда екені анықталып отыр - ауданы 30-35 шаршы метр болатын пәтерлерде бір шаршы метр үшін 4 419 теңге (орташа және жақсы күйде). Келесі орында - Нұр-Сұлтан - шаршы метріне 3278 теңге. Ал Шымкент үшінші орында - 1 987 теңге.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1920137-en-qymbat-paterler-kosin-almaty-bastap-tur-elimizde-pater-zaldau-quny-qansa/