Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде баспана бағасының шарықтауына не себеп

Опубликовано:

Баспана
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстанда баспана бағасы шарықтап барады. Бұған құрылыс материалдарының қымбаттауы себеп дейді сарапшылар. Олар әзірге баспана бағасының түсе қоймайтындығын да болжап отыр, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

Елімізде соңғы жартыжылдықта үй бағасының шарықтап кеткені белгілі. Мұны сарапшылар пандемиямен, зейнетақы қорындағы қаржыны пайдаланушылардың артқанымен түсіндіріп отыр.

Дегенмен олар баспананың қымбаттауы бірінші кезекте құрылыс материалдары бағасының өсуімен байланысты екенін айтады. Дәл осы себептен жалпы әлемде тұрғын үйдің бағасы өскен.

"Бізге құрылыс материалдары әлемнің барлық елінен келеді. Соның ішінде ең көбі Ресей, Түркия, Қытай, Иран, Араб елдерінен тасымалданады. Пандемияның салдарынан олардың бағасы артты. Есесіне бізде де, қымбатқа сатылып жатыр. Ол әрине құрылысқа, соның ішінде үй бағасына да әсер етеді", – дейді Қазақстан құрылысшылар одағының төрағасы Талғат Ерғалиев.

Елімізде құрылыс материалдарын өндірушілер нарықты отандық өніммен тек 50 пайызға қамтып отыр. Мамандар өзімізде өндірілетін өнім көлемі артса, баспана бағасын тұрақтандыруға болатынын атап өтті.

"Құрылыс материалдарын тасымалдау құны да қымбаттап кетті. Ол өз кезегінде басқа бағаға әсер етеді. Жалпы әлемде қай салада да бағаның өсу тенденциясы байқалады. Біз отандық өнімді шығаратын компаниялар мен құрылыс компаниялары арасында ұзақ мерзімді келісімшарт жасауға тырысып жатырмыз. Олар құрылысқа отандық өнімді пайдаланса, ол анағұрлым арзанға шығады. Біз осы жобамен айналысып жатырмыз", – дейді "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Арман Мәмбетов.

Дерек көздеріне жүгінсек, былтыр Қазақстанда үй бағасы 5 пайызға қымбаттаған. Ал, биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында баға 9,2 пайызға өсіпті. Баспана бағасы ең қымбат аймақтардың қатарында Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары тұр.

Матераил авторлары: Жанат Көшкінбай, Нұрлан Өтеген, Ринат Утеев

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1922470-elimizde-baspana-bagasynyn-saryqtauyna-ne-sebep/

pixel