Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Декреттік жәрдемақы төңірегіндегі дау: Министрлік мәселені шешуге уәде етті

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлеріне декреттік жәрдемақы төлеу мәселесі жыл соңына дейін шешілетінін жеткізді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Айта кетейік, жақында журналистер қауымдастығының жекелеген өкілдері пандемия кезінде БАҚ үшін салықсыз режим аяқталғаннан кейін, декреттік жәрдемақы төлеу мәселесін көтерді.

"Қазіргі кезде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп, заңнамаға тиісті түзетулер дайындап жатыр. Осы жылдың қыркүйек айында оларды мәжіліске енгізу жоспарланып отыр",- делінген хабарламада.

Декреттік жәрдемақы төлеу мәселесі осы жылдың соңына дейін шешіледі. Бұл мәселе ақпарат және қоғамдық даму министрінің жеке бақылауында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1928678-dekrettik-zardemaqy-toniregindegi-dau-ministrlik-maseleni-sesuge-uade-etti/

pixel