Мемлекеттік қызметкерлерге қосымша табыс көзіне рұқсат берілуі мүмкін
Жарияланған күні:
Елімізде мемлекеттік қызметкерлерге қосымша табыс көздеріне рұқсат берілуі мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі "Ашық НҚА" порталында "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына реттеушілік саясатының консультативтік құжатының жобасын жариялады.
Құжатта заңның 13-бабына сәйкес мемлекеттік қызметші кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға, оның iшiнде коммерциялық ұйымды басқаруға тiкелей қатысу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның лауазымдық өкілеттіктеріне кiрмейтiн болса, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға құқылы емес екені айтылған.
Құжатты әзірлеушілер қазіргі уақытта бұл бағытта белгілі бір шаралар қолданылып жатқанына қарамастан, мемлекеттік қызметшілер лайықты жалақы алмайтынын атап өткен.
Осыған байланысты агенттік бұл шектеулерді жеңілдетіп, оларға қосымша табыс көздерін табуға мүмкіндік беру керек деп есептейді.
Бұл ретте олардың қосымша қызметі мемлекеттік қызметтің беделін түсіруге, мемлекет мүддесіне қарсы және т. б. бағытталмайтынын есте ұстаған жөн.
"Бұл жағдайда жекелеген қызмет түрлерін шектейтін өлшемдерді белгілеу орынды болып көрінеді. Мысалы, тыйымды мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық міндеттерді орындауына кедергі келтіретін, мүдделер қақтығысының туындауына әкеп соғатын, мемлекеттік қызметке кір келтіретін және (немесе) мемлекеттік қызметшінің моральдық-этикалық бейнесін бұзатын, сондай-ақ мемлекет мүдделеріне қайшы келетін "өзге" қызметке қолданған орынды.
Баяндалғанды ескере отырып, заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіпкерлік қызметпен айналысуға шектеуді сақтай отырып, өзге де ақы төленетін қызметпен айналысу мүмкіндігі туралы мәселені пысықтауға болады деп ойлаймыз", - делінген құжатта.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1930067-memlekettik-qyzmetkerlerge-qosymsa-tabys-kozine-ruqsat-berilui-mumkin/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.