Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Азық-түлік бағасын енді тікелей министрлік қадағалайды

Жарияланған күні:

Азық-түлік11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Сауда және интеграция министрлігі азық-түлік бағаларының шарықтап кетпеуіне тікелей жауапты орган болып бекітілді деп хабарлайды КТК арнасы.

Бұдан былай ведомство азық-түлік тауарларының бағасын өндірушіден тұтынушыға дейінгі аралықтағы бүкіл тізбекті қадағалап отырады.

Сондықтан Сауда министрлігі бір ай мерзім ішінде Ұлттық экономика министрлігі мен басқа да тиісті органдардан азық-түлік бағасын қадағалау міндеттерін өзіне аударып алу керек.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің, оның ішінде жеке шаруашылықтардың көтерме-тарату орталықтары жүйесіне қол жеткізуі жеңілдетілмек.

Сол арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу нарығы кеңейе түседі дейді министрлік өкілдері.

"Біздің мақсатымыз азық-түлік тауарларының ағындары мен бағаларын мониторингтеу мен болжаудың дұрыс және тиімді жүйесін құру. Бұл мемлекетке нарық конъектурасы мен баға өзгеруіне уақтылы және жедел ден қоюға мүмкіндік береді", - дейді Сауда және интеграция вице-министрі Ержан Қазанбаев.

Дереккөз КТК арнасы

Айта кетсек, бұған дейін президент халыққа жолдауында азық-түлік бағасы жайлы сөз етіп, бағаны бақылайтын негізгі орган ретінде бір органды бекіту қажет екенін айтқан еді.

Мемлекет басшысының сөзінше, қазіргі уақытта елдегі азық-түлік бағасына бірнеше ведомство жауап береді, алайда баға көтерілсе, олар жауапкершілікті бір-біріне сілтейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1930181-azyq-tulik-bagasyn-endi-tikelei-ministrlik-qadagalaidy/