Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент: Азық-түлік бағасы көтерілсе, ведомстволар жауапкершілікті бір-біріне сілтейді

Опубликовано:

Азық-түлік
Көрнекі сурет: Pixabay

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында қазіргі уақытта елдегі азық-түлік бағасына бірнеше ведомство жауап беретінін, алайда бағасы көтерілсе, олар жауапкершілікті бір-біріне сілтейтінін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Президент елдің аграрлық секторында көптеген проблема барын жеткізді. Бұл ретте мемлекет басшысы азық-түлік тауарларын үлістірудегі және бағаны бекітудегі тиімсіздік мәселесін сөз етті.

"Өндірушіден бастап тізбек бойынша бағаны бақылауды қамтамасыз ету қажет. Қазір бұл жұмысқа бірнеше ведомство жауап береді. Баға қайта көтерілгеннен кейін олар мұқият талдау жүргізіп, тиімді шаралар қабылдаудың орнына бір-біріне сілтей бастайды", - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент бұл істе тәртіп орнату қажеттігін атап өтті.

"Жауапкершілік аймағын межелеу керек. Негізгі орган ретінде бір органды бекітіп, басқа ведомстволардың өзара іс-қимылының нақты регламентін жасау қажет. Үкімет бұл мәселе бойынша бір ай мерзімде шешім қабылдауға тиіс", - дейді мемлекет басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929829-prezident-azyq-tulik-bagasy-koterilse-vedomstvolar-zauapkersilikti-bir-birine-silteidi/

pixel