Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде баспана бағасы арзандай ма: Экономистер көпті толғандырған сауалға жауап берді

Опубликовано:

Баспана
Көрнекі сурет: pixabay.com

Кейінгі бір жылда еліміздің тұрғын үй нарығын бұрын-соңды болмаған қымбатшылық жайлады. Зейнетақы қорындағы қаржыны пайдалану құқығы берілген бойда, баға бірден 10-12 пайызға өсті. Кей өңірлерде тіпті 20 пайызға көтерілген. Қордағы қаржының 1,8 трлн теңгесі осы мақсатқа жұмсалды. Осы орайда Хабар 24 арнасы "Қазақстанда баспана бағасы арзандай ма" деген сауалға жауап іздеді.

Экономист Андрей Чеботаревтің сөзінше, баға өсіміне бүкіләлемдік қаржы дағдарысы ғана кедергі келтіруі мүмкін.

"Экономистер 2-3 жылдан кейін жаһандық экономика әлсірейді, сәйкесінше ахуал қиындайды деп болжап отыр. Бәрі коронавирус пандемиясына байланысты. Дағдарыс болып, ақша айналымы азайса, баға түседі. Соңғы рет мұндай жағдай 2008 жылы болды. Ал дағдарыстың қайталануын тілеу кімге де болсын қажет емес", - дейді сарапшы.

Айта кетейік, үкімет өкілдерінің болжамы әзірге орындалмай отыр.

Жаз айларында мндустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі күзге қарай нарықтағы жағдай толық тұрақталады деген болатын. Тіпті арзандауы мүмкін екенін алға тартқан.

Ал баспана сату сайтының сарапшысы Алина Буравцева бағаны түсіретін фактор көріп отырмағанын жеткізді.

Оның сөзінше, ипотека беру жалғасып жатыр.

"Сұраныс болған жерде, солай болады. "Отбасы банкі" де қарқынын арттырып келеді. Мемлекет жеңілдетілген шартпен ипотека ұсынып жатыр. Бір ғана үміт – бұрынғы қарқынмен қымбаттау тоқтайды", - деді Алина Буравцева.

Жыл басында баспана бірден 12 пайызға қымбаттаса, қазіргі уақытта қарқын төмен. Тамыз айының қорытындысы бойынша баға тек 2 пайызға өскен. 

Алина Буравцева мүлікті сатушылар бағаны түсіруге құлықсыз екенін атап өтті.

"Келісімшарттар құны да көбіне өзгеріссіз қалады. Мүлікті сатушылар бағаны түсіруге құлықсыз. Бар болғаны 1-2 пайызға төмендетеді. Одан артыққа бармайды. Осыдан-ақ, нарықтағы жағдайды, яки сұраныстың жоғары екенін байқай беріңіз", - деді ол.

Риелторлардың сөзінше, үй арзандайды деу қисынсыз. Керісінше, сұранысқа сай ол өсе береді.

Таяуда мемлекет басшысы кезекте тұрғандарға "Отбасы банк" арқылы 2 және 5 пайыздық ипотекалық несие беруді тапсырған. Бұл механизм жұмыс істей бастаса, баға тағы шарықтай түсуі әбден ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1931771-elimizde-baspana-bagasy-arzandai-ma-ekonomister-kopti-tolgandyrgan-saualga-zauap-berdi/

pixel