Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені тағы да көтерді

Опубликовано:

Ұлттық банк
Фото: Ұлттық банктің баспасөз қызметі

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтерді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1,00 п.т. пайыздық дәлізімен жылдық 9,50% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.

Тиісінше өтімділікті ұсыну жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 10,50%, ал өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме – 8,50% болады.

"Шешім жаһандық сұраныстың қалпына келуі шығару мүмкіндіктерінен жоғары болған кездегі азық-түлік пен шикізат бағасының жалпы әлемдік инфляциялық өсу үрдістерінен туындаған экономикадағы басым проинфляциялық қысымға негізделді.

Ішкі маусымаралық күтпеген өзгерістер тұтынушылық сұранысты белсенді түрде қалпына келтіретін сол қысымды, сондай-ақ электр энергиясына, газ бен ЖЖМ бағасының өсуін күшейтеді. Нәтижесінде жылдық инфляция 8,7%-ға дейін жеделдеді. Инфляциялық ая тамызда 8,8%-ды құраған халықтың жоғары инфляциялық күтулерінен де күшейе түсуде", - делінген хабарламада.

COVID-19-дың қайта өршуі әлемдегі іскерлік белсенділікті бәсеңдетіп, проинфляциялық процестерді күшейте отырып, жаһандық жеткізілім мәселелерін ушықтырғаны атап өтілді.

"ХВҚ болжамдары бойынша, биылғы жылы вакцинация мен ынталандыру шаралары аясында әлемдік экономика бірте-бірте 2022 жылы баяулай отырып, тез қалпына келуін көрсетеді. Қазақстанның сауда серіктестері болып табылатын елдер экономикаларының өсуі бойынша халықаралық ұйымдардың болжамдары ЕО және Ресей бойынша жақсарды, ал Қытай бойынша аздап төмендеді. Жаһандық инфляциялық қысым азық-түлік өнімдеріне, шикізатқа, металдар мен автомобильдерге бағаның ұлғаюы аясында жоғары деңгейде қалуын жалғастыруда", - деп атап өтті ұлттық банк.

Ұлттық банктің мәліметінше, азық-түліктің жоғары әлемдік бағаларымен инфляциялық үрдіске қосылатын үлес қалыптасады. Бұған – 2021 жылғы тамызда ФАО азық-түлік бағалары индексінің жылдық көрсетуде 32,9%-ға өсуі дәлел.

Ұлттық банк хабарламасының толық мәтінін осы сілтеме арқылы оқуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1931796-ulttyq-bank-bazalyq-molserlemeni-tagy-da-koterdi/

pixel