Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"7-20-25": Ипотека бойынша қанша миллиард теңге мақұлданып үлгерді

Опубликовано:

Баспана
Көрнекі сурет: pixabay.com

"7-20-25" бағдарламасы бойынша 499,4 млрд теңгенің өтінімі мақұлданды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы үкімет отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың дағдарысқа қарсы бастамалары қалай іске асып жатқанын баяндаған Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді.

"7-20-25" бағдарламасы шеңберінде 9 қыркүйектегі жағдай бойынша банктер 499,4 млрд теңгенің 40 583 өтінімін мақұлдап, 369,9 млрд теңге сомаға 30 706 қарыз берді" - дейді Досаев.

Ол, сонымен қатар "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы шеңберінде қанша жоба мақұлданғанын айтып берді.

"Экономиканы қолдау үшін Мемлекет басшысының дағдарысқа қарсы бастамаларын іске асыру жалғасып жатыр. "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы шеңберінде 10 қыркүйектегі жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктер мен Агронесие корпорациясына 1,5 трлн теңгенің 3 986 өтінімі келіп түсті. 1 трлн теңгеден астам сомаға 3 356 жоба мақұлданды", - деді Ерболат Досаев.

Сондай-ақ, банк төрағасы "Кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікпен кредит беру бағдарламасының" көрсеткіштеріне тоқталды.

"Бұл бағдарлама бойынша барынша зардап шеккен секторлардағы кәсіпорындарды қолдау шеңберінде 10 қыркүйекте екінші деңгейдегі банктерге 1 трлн теңгеден астам сомаға 10 884 қарыз берілді. Оның ішінде қайтарылатын қаражат есебінен 438,8 млрд теңгенің 5 897 қарызы берілді", - деп түйіндеді Ұлттық банк төрағасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1931949-7-20-25-ipoteka-boiynsa-qansa-milliard-tenge-maquldanyp-ulgerdi/

pixel