Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда көлік қымбаттап жатыр: Сарапшылар себебін айтты

Опубликовано:

Көлік
Көрнекі фото: pexels.com

Сарапшылар Қазақстанда көлік неліктен қымбаттап жатқанын түсіндіріп берді деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Жаздың үшінші айында елдегі көлік салондарынан 8734 жаңа көлік сатылған. Бұл шілдемен салыстырғанда 15 пайызға аз.

Сарапшылардың айтуынша, сауданың бәсеңдеуіне көлік тапшылығы әсер еткен. Себебі құрастыру мен тасымалдауда кедергі көп.

Сонымен қатар, көлік электроникасына қажетті микросхема жетпей жатыр. Осыған байланысты концерндер өндірісті азайтқан.

Тіпті, кейбірі бөлімшелерін уақытша жапқан. Отандық дилерлер қазір тапсырысты алдын ала қабылдағанымен жеткізу уақытын кейінге шегеріп жатыр. Әсіресе соңғы бір-екі айда тасымал мәселесі қиындап кеткен.

Мәселен Қытай карантин талаптарын күшейтіп, Қазақстанға Жапония мен Кореядан келетін көліктер уақытынан кешігіп жетуде. Бұған дейін жаңа көлікті 6 ай күтсе қазір 8 айға дейін күтуге тура келеді.

Мамандардың сөзінше, осының барлығы нарықта көлік тапшылығына себеп болып отыр, салдарынан баға да қымбаттап жатыр. Өйткені сатып алушы көп, дейді олар.

Жалпы биыл сегіз айда ел тұрғындары 76 мың жаңа көлік сатып алған. Өткен жылмен салыстырғанда бұл 40 пайызға көп.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1932911-qazaqstanda-kolik-qymbattap-zatyr-sarapsylar-sebebin-aitty/

pixel