Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Михаил Ломтадзе мен Kaspi.kz Kazakhstan Growth Forum-да үш марапатқа ие болды

Жарияланған күні:

Михаил Ломтадзе
Фото: Kaspi.kz

Дәстүрлі Kazakhstan Growth Forum-ында жылдың үздік басшылары мен үздік компанияларын марапаттау рәсімі өтті.

Kaspi.kz-тің басшысы және негізін қалаушы Михаил Ломтадзе тағы да «Жылдың үздік CEO» атанды. Михаил «Инновациялық даму үшін» марапатқа ие болды.

Лондон қор биржасындағы Kaspi.kz-тің сәтті IPO-сы «Жылдың үздік мәмілесі» деп танылды.

Ал «Жылдың трансформаторы» атағы Kaspi.kz -ке клиенттердің жаңа тәжірибесін жасағаны үшін берілді.

Kaspi.kz-тің басшысы және негізін қалаушы Михаил Ломтадзе марапаттар туралы былай пікір білдірді.

«Бұл шешім үшін қазылар алқасына рахмет. Біздің бүкіл Kaspi.kz командасынан біздің қызметтерді пайдаланғаны үшін және бізді үнемі алдыға ұмтылу мен жаңашылдыққа шабыттандырғаны үшін әрбір сүйікті клиентімізге рахмет. Біз өз тарапымыздан қазақстандықтардың өмірін жақсартатын инновациялық қызметтермен таңқалдыруды жалғастырамыз деп уәде береміз. Және бірге бүкіл әлемге Қазақстанда инновациялық технологиялық компанияларды құрып, табысты дамытуға болатынын көрсетеміз», - деді Михаил Ломтадзе марапаттау рәсімінде.

Жыл сайын үздік менеджерлер мен компанияларды Kazakhstan Growth Forum-ның сарапшылар кеңесі анықтайды. Биыл оның құрамына Ораз Жандосов (Экономистер қауымдастығы), Сәкен Жұмашев (KPMG), Елена Бахмутова (AFK), Эльдар Абдразаков (Kazakhstan Growth Forum), Алина Алдамберген (KASE), Екатерина Бенджамин (IFC), Ерлан Досымбеков (EY), Ержан Досымбеков (Grant Thornton), Андрей Беклемишев (IDC) сынды беделді сарапшылар кірді.

Жеңімпаздар экономиканың әр саласынан ұсынылған 500 қазақстандық компанияның ішінен таңдалды. Басқарушылар мен компаниялардың жұмысын қазылар алқасы бес критерий бойынша бағалады: Perfomance (нарықтың оң динамикасы), Corporate Governance (қызметтің ашықтығы), Innovations (серпінді бастамалар мен өнімдер), Corporate Culture&Talent Management (корпоративтік мәдениет пен талантты дамыту), Impact (әлеуметтік үлес).

Бұған дейін Kaspi.kz басшысы мен тең құрылтайшысы Михаил Ломтадзе PricewaterhouseCoopers (PwC) жетекші халықаралық консалтингтік компаниясы жыл сайын жүргізетін CEO Survey сауалнамасының нәтижесі бойынша бірнеше рет Қазақстандағы үздік компания басшысы болып танылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1933261-mixail-lomtadze-men-kaspikz-kazakhstan-growth-forum-da-us-marapatqa-ie-boldy/