Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұмысынан айырылған қазақстандықтар жәрдемақы алу үшін не істеу керек

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем алды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында хабарланды.

1 қыркүйектегі жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 82,6 мың адамды құрады. Бұл ретте биылғы жылы 58,8 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды.

"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған кірістің 40%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады", - делінген хабарламада.

Әлеуметтік төлем алу үшін не істеу керек:

  • eGov.kz порталында авторизациялану;
  • "Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту" бөлімінде "Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу" қызметін таңдау;
  • онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық жолдарды толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінімді жіберу қажет;
  • бір күн ішінде тұрғылықты жеріңіздегі халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – ХЖҚО) бос жұмыс орындарын ұсынады;
  • егер жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде қашықтықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда сізге ХЖҚО қызметкері қосымша ақпарат жинау үшін хабарласады);

Бұл қызметті онлайн режимінде Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады.

Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы мәліметтер болған кезде Еңбекминінің ақпараттық жүйесі проактивті форматта МӘСҚ-тан төлемді тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісу үшін мобильді телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1934103-zumysynan-aiyrylgan-qazaqstandyqtar-zardemaqy-alu-usin-ne-isteu-kerek/

pixel